Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2375 0 пікір 3 Маусым, 2009 сағат 10:38

Статагенттіктің төраға орынбасары Баянов бюджет қаражатын жымқырған деген және агенттіктің төраға орынбасары Меңдібаев оған араласқан деген күдікпен тұтқындалды – қаржы полициясы (толықтырылған)

Астана. 3 маусым. ҚазТАГ - Айнагүл Бекеева. ҚР экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі, ҚР статистика  агенттігінің төраға орынбасары Нұрман Баянов хлық санағына деп бөлінген бюджет қаражатын жымқырған деген және агенттіктің төраға орынбасары Бірлік Меңдібаев оған араласқан деген күдікпен тұтқындалды. Бұл туралы агенттіктің ресми өкілі Мұрат Жұманбай хабарлады. 

«Мемлекет бөлген қаржыны статагенттіктің лауазым иелері үстемелеп жазып, кейін жымқырғаны анықталды. Халық санағын жүргізуге қажет жабдықтар алуға деп бөлінген бюджеттік қаражатты қызмет бабын пайдаланып жымқыру бойынша статагенттіктің төраға орынбасары Н. Баяновқа айып тағылды. Жымқыруға қатысқан деген күдікпен 2 маусымда статагенттіктің басқа орынбасары -  Б. Меңдібаев ұсталды», - деді ол сәрсенбі күнгі брифингте. 

Мұрат Жұманбай сот рұқсатымен Н. Баянов 28 мамырда тұтқындалғанын жеткізді.

Ұлттық халық санағын жүргізуге республикалық бюджеттен 1 млрд 144 млн теңге бөлінген.

«Тергеу барысында шын мәнінде ұлттық санақ 379 млн теңгеге жүргізілгені анықталған, ал қалған 764,8 млн теңге агенттік басшылары және жеке кәсіпорындардың жетекшілерімен жымқырылған», - деп түсіндірді ол.

Оның айтуынша, бүгінге санаққа қажет жабдықтарды мемлекеттік сатып алулардағы ашық байқауға қатысқан кәсіпорындарда кешенді тексерістер жүргізіліп жатыр, олардың есеп шоттарына қамау жарияланған. Байқауға қатысу үшін 14 өтінім түскен және оның ішінде Санкт-Петербургтік  «Типография Взлет» ЖАҚ та бар.

«Бірақ «Фирма «Киiк»ЖШС-тен басқа 13 өтінім Н. Баянов басқарған байқау комиссиясымен негізсіз байқаудан шығарылып тасталған да, байқау өтпеді деп танылған.

Лауазым иелері өздерінің қылмыстың жоспарын іске асыру үшін халық санағына қажет жабдықтарды «Киік» фирмасынан сатып алуды ұйғарған», - дейді М. Жұманбай.

Кейін аталған фирма, деп түсіндірді ол, жабдықтарды үшінші кәсіпорындар арқылы, шын мәнінде 183,3 млн теңгеге Санкт-Петербургтік  «Типография Взлет» ЖАҚ-нан сатып алып жеткізген. Ал дәл осы «Типография Взлеттің» өтінімін байқау комиссиясы кезінде негізсіз қабылдамай қойған. «Киік» фирмасының өзі жабдықтарды 144,9 млн теңгеге дайындаған.

«Бюджеттік тапсырысты толтырғанда статагенттік лауазым иелері жалған баға ұсынысының арқасында бір бланктың бағасын 15 теңге деп көрсеткен. Бюджеттік өтінім қабылданған соң, Н. Баянов бір бланктың бағасын 7 теңге деп өзгертіп, ал сатып алулардың алдында бұл бағаны ол негізсіз қайтадан 17 теңге деп көрсеткен», - дейді М. Жұманбай.

Сөйтіп жеткізушіге бюджет қарастырған қаражат төленіп, соның нәтижесінде 700 млн теңге жымқырылған, оның ішінде 497,8 млн теңге жалған кәсіпорындардың есеп шоттары  арқылы нақты ақшаға айналдырылған.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3242
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394