Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 6118 4 пікір 15 Маусым, 2017 сағат 12:23

Таңның шапағын қарсы аламыз деп тағдырдың шапалағын жемесе екен

Әлгінде орталық алаңнан өтіп бара жатсам, жөңкіліп жүрген биылғы түлектерге көзім түсті. Әр жерде есінеп, ұйқылы-ояу отырған ата-аналар... Көзінің қиығымен жастарды бағып тұрған шаршаңқы ұстаздар...
Не үшін? Не тосып жүрсіздер деп сұрамадым... Себебі, жауабын білемін. Өзіміз де өстіп, еш мақсатсыз, ерсілі-қарсылы жүргенбіз...

Бірақ, ол кезде бізде бір шекаралар болатын, ана бір бозбала секілді, қатарлас қыздың белін қапсыра ұстаған жоқпыз... Мына бір бойжеткен секілді сыныптас сырғалылар жүрегі айнып, шыршаның түбіне жүгірген жоқ болатын...

"Есте қалатын түн болсын" дейміз-ау... Белгілі бір дәстүрге байланбағасын, үлкен мақсатпен үндесіп жатпағасын ондай сәттер ойға да оралмайды-ау...

Тек, абыр-дұбыр боп бардерде отырған бозбала-бойжеткендердің қасынан өтіп бара жатып, "таңның шапағын қарсы аламыз деп, тағдырдың шапалағын жейтін, ғұмыр тап келмесе екен" деген тілекпен, дұға қылдым. Алла пана болып, өмірде өз жолын тауып, берекелі белестерді бағындыратын тұлғаларға айналғай. Қоғамның керексіз кесегі боп кетпей, ата-анасының көз қуанышына айналатын ақ пейіл, адал кәсіпті перзентердің қатарын көбейткей..!

Мұхаммеджан Тазабек

Facebook-тегі парақшасынан

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5458