Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2874 0 пікір 3 Қараша, 2010 сағат 04:05

ҚР премьері мен Сингапур үкіметінің арнайы өкілі ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Астана. 2 қараша. ҚазТАГ – Премьер-министр Кәрім Мәсімов Сингапур премьер-министрікеңсесінің экономикалық даму мәселелері бойынша арнайы кеңесшісі Филиппо Ёомен кездесті. Бұл туралы ҚР министрлер кабинеті басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Таратылған ақпаратта айтылғандай, арнайы кеңесші үкіметтік және іскерлік топ өкілдерін бастап келген.

Кездесу барысында екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту, сонымен қатар, экономиканы модернизациялау және дамытудағы тәжірибелермен өзара бөлісу мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ, түстен кейін К. Мәсімов ҚР Үкіметінің жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі бірыңғай үйлестіру кеңесінің (БҮК) кезекті отырысын өткізді.

Отырыс жұмысына «Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин, президенттің көмекшісі Бақыт Сұлтанов, Прагма USAID корпорациясының Қазақстан бойынша жобасының директоры Сергей Пизиков, екінші деңгейлі банктердің, сондай-ақ, өңірлік және бизнес-қоғамдастықтардың өкілдері қатысты. Бейнеселектор түрінде өткен мәжіліске облыстардың, сондай-ақ, Астана және Алматы қалаларының әкімдері де қатысты.

«БҮК мүшелері «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын іске асыру мәселелерін, отандық кәсіпорындардың өнімділігін арттыруға қатысты ұсыныстарды, әкімшілік кедергілерді азайту жөніндегі іс-шараларды, сондай-ақ, бірыңғай үйлестіру кеңесінің осыған дейінгі шешімдерінің орындалу барысы туралы мәселелерді қарады»,-делінген ақпаратта.

Баспасөз қызметі кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі БҮК-тің үстіміздегі жылдың 26 ақпанында президенттің тапсырмасын орындау мақсатында құрылғанын еске салады.

Кеңес еліміздің 2020 жылға дейінгі дамуының стратегиялық жоспарының, үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының, «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының жұмылдырылған шешімдерін табу және мақсаттарын жүзеге асыру ісіндегі мемлекет пен бизнестің күштерін біріктіруді көздейді.

Сондай-ақ, бірыңғай үйлестіру кеңесі өзара ықпалдастық тетіктерін сақтап, сабақтастықты қамтамасыз ете отырып, дағдарысқа қарсы кеңестің, әкімшілік кедергілерді жою жөніндегі комиссияның, бизнесті жүргізу жөніндегі жұмыс тобының функцияларын біріктіреді. Кеңес стратегиялық экономикалық міндеттерді және кәсіпкерліктің ағымдағы мәселелерін шешуде жан-жақты диалог орнатуды және келісілген ұстаным шығаруды қамтамасыз етеді.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5570