Бейсенбі, 22 Мамыр 2025
Жаңалықтар 3102 0 пікір 3 Қараша, 2010 сағат 07:19

Бек Датұлы. Сайлаудың елесі ел кезіп жүр

2012 жылдың "екпіні" сезілген сайын Қазақстанның президенті болғысы келетіндердің қатары көбейіп келеді. Өткенде ғана өзін үміткермін деп жариялап, желтоқсаншылардан жұмыртқа «жеп» қайтқан В.Козловтың әріптесі, «Жаса, Азаттық» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Жасарал Қуанышәлин де бүгін 2012 жылғы президент сайлауына үміткер болатынын мәлімдеді. Ол өзінің бағдарламасы да, платформасы да В.Козловтыкімен бірдей екенін айтады.
Осы беттерінен таймаса, 2012 жылға дейін «алғалықтардың» барлығы өздерін президенттікке үміткер етіп жариялайтын шығар. Олардың бұл әрекеттері «ит жарысса қосаяқ қалмайды» деген қазекемнің мәтеліне мәндес болып тұрғандай. Әйтпесе, өзара ымыраға келіп, қазіргі билікпен тақ таласына түсетін нақты біреуді белгілеп, жүйелі жұмыс істер еді ғой. Әлде бұл әлеуметті бір елең еткізіп қояйық деген қитұрқы қулық қана ма?

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2801
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4534