Бейсенбі, 21 Қараша 2024
Анық-қанығы 6272 17 пікір 20 Маусым, 2017 сағат 14:38

Палмер мен Куяновтың айқасы. Кімге сенеміз?

Өткенде  журналист Джеймс Палмер дейтін азамат  Астанада өтіп жатқан ЭКСПО-2017 көрмесін сынап тастады. "Foreign Policy" журналына көлемді мақала жазып, Астанадағы ЭКСПО-ны иллюзияға теңеді. Көрме ғимараттарын "қаңырап тұр" деп, келді деген туристерді "келмеді" деді.

"Қазақстан халықаралық көрме өткізіп, елдің абыройын көтеру үшін футуристік қала соқты, бірақ бір кішігірім проблема бар: Астана қонақ шақыруды ұмытып кеткен. Грекияның павильонын мен жалғыз өзім араладым. Көпшілік павильондарда қызмет көрсетушілерден басқа  ешкім болмады. Тек Қытай, Германия, АҚШ секілді ірі елдердің павильондарында ондаған адам болды. Алайда көпшілік елдердің павильондарының сыртынан мен бос қоршаулар арқылы өттім. Көрмедегі үш адамның екеуі бейджик таққан", — деп жазды Джеймс Палмер.

Палмердің мақаласы қызу талқыға түсті. Түрлі пікірлер айтылды.

Британдық журналисттің бұл жазбасына қатысты "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы Қоғаммен байланыс департаментінің директоры Сергей Куянов Палмердің жазғанын жала деді.

Куяновтың айтуынша, Палмер дейтін тілші Қазақстанға келмеген екен.

«Біз ол журналистің бар екенін анықтадық. Британиялық Джеймс Палмер бірнеше басылымға Орталық Азия мен Қытай туралы жазады екен. Алайда ЭКСПО-2017 көрмесінде ондай журналист тіркелген жоқ. Ол - бір. Екіншіден, Джеймс Палмер деген кісі Қазақстан шекарасынан өтпеген. Яғни кедендік тіркеуде жоқ. Демек, Палмер мырза өз материалын өзге біреудің пікіріне сүйеніп жазған, я болмаса, репортажын тапсырыс бойынша шығарған», - дейді Сергей Куянов.

Онан соң, британдық журналист өзінің Twitter-парақшасына Қазақстан шекарасынан өткенін растайтын визаның суретін, ЭКСПО көрмесіне кіргенін растайтын билеттің суретін жүктеп, ЭКСПО өкілінің өтірігін әшкереледі.

 

"Ей, Қазақстанның үкіметі! Егер мен сіздердің шекараларыңызды кесіп өтпесем мына штамптар менің паспортымда қалай пайда болды?" – деп жазды Палмер әлеуметтік желідегі парақшасында.

"Қош келдіңіздер, менің қазақстандық оқырмандарым! Сіздер өте таңғажайып халықсыздар, керемет елдеріңіз бар, бірақ, биліктің кейбір өкілдері ақымақ", - деді ол.

Есесіне Куянов Астана ЭКСПО-2017 -ге қатысты деректерін жария етті.

Көрме ашылғалы бері БАҚ-та 2 997 материал жарияланыпты. Соның ішінде, 718 шетелдік БАҚ Елордадағы ЭКСПО туралы ақпар таратқан.

Сондай-ақ, көрменің ашылуын "YouTube"-тағы ресми арнадан 181 802 адам, көрменің ресми сайтынан – 87 235 адам қараған. Ашылу салтанатын 385 БАҚ таратқан.   Ұлыбритания, Германия, Қытай, Польша, Чехия, Австрия, Испания, Украина, Белоруссия мен Ресей жұрты тікелей эфирде тамашалады.

Ол ол ма, осы күні ЭКСПО тамашалауға 1 миллионнан астам адам келіп үлгеріпті. Осының барлығын Куянов мырзаның өзі айтты.

Түйін. Палмер ЭКСПО-ға келгенін, келгенде көргенін жазғанын дәлелдеді. Куяновтың да деректері өз алдына. Сонымен, кімге сенеміз? Куяновқа ма, әлде Палмерге ме? Әлде бұл да кезекті "пиар" жүріс пе?

Нұрзат Тоғжан

Abai.kz

17 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1427
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3191
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5073