Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3393 0 пікір 3 Қараша, 2010 сағат 07:33

Адам қаққан полицейді Мәсімов қорғап отыр

Алматы облысының полицейлері дәл бүгінгі күні у жеген қасқыр сияқты не істерлерін білмей аласұруда. Талғар ауданы, Тұздыбастау ауылындағы қос қыршынның өліміне байланысты өздерін қалай ақтап аларын білмей жүргенде, Алакөл ауданындағы Тоқжайлау ауылында тағы бір оқушы үйінің шатырына шығып, өзіне қол жұмсады. Ал мен айтқалы отырған оқиға тіптен сорақы.

Алматы облысының полицейлері дәл бүгінгі күні у жеген қасқыр сияқты не істерлерін білмей аласұруда. Талғар ауданы, Тұздыбастау ауылындағы қос қыршынның өліміне байланысты өздерін қалай ақтап аларын білмей жүргенде, Алакөл ауданындағы Тоқжайлау ауылында тағы бір оқушы үйінің шатырына шығып, өзіне қол жұмсады. Ал мен айтқалы отырған оқиға тіптен сорақы.

27 қыркүйек күні Үшарал қаласының орталық көшесімен   жарысып келе жатқан полиция қызметкерлері мінген қос автокөліктің бірі жол жиегіне шығып кетіп, аңдаусыз әңгімелесіп тұрған топты жайпап өтіп, жарық беретін шамдал орнатылған бағанға соқтығысады. Жол-көлік оқиғасының салдарынан 23 жастағы Азат Мұратханов пен 26-дағы тағы бір қыршын жас Асхат Серікбаев аса ауыр жарақаттар алып, менің ұлым - Асхат Серікбаев ауруханаға жеткізілгенде есін жимастан ана дүниелік болды. Оларды басып кеткен «Ауди-100» автокөлігіндегі жолаушылардың бірі де жарақаттанады. Жол-көлік оқиғасына куә болғандар жарақаттанғандарға жәрдемдесіп, абыр-сабыр болып жатқанын пайдаланған кінәлі жүргізуші оқиға болған жерден табанын жалтыратады. Ал таңертеңгісін аудандық полиция бөліміне келген Азамат Имашев адам өліміне әкеліп соқтырған жол-көлік оқиғасына қатысты кінәні өз мойнына алады. Дегенмен, оқиғаға куә болғандардың айтуынша, адамдарды қаққан автокөлікті дәл сол кезде Азамат Имашев емес, оның ағасы6 Алакөл аудандық ІІБ уақытша оқшаулау орнының қызметкері Ғалымбек Имашев басқарып отырған. Тура осы полиция қызметкерінің машина жүргізіп отырғанын сол жерде болған оншақты адам түгел көреді.

Дегенмен тергеушілер нақты куәлардан көрген білгендерін сұрауға көңіл бөлмеді және олардың айтқанына біразға дейін назар аудармады. Мүмкін бұған  аудандық ІІБ бастығы, подполковник Нұрлан Мәсімов (Үкімет басшысының інісі) бастаған басшылардың жаманатты жалпақ жұртқа жария етпеуге жанталаса кірісуі себеп болған шығар. Осының алдында тағы бір полиция қызметкері өзін өзі өлтіргенде  де осындай болып, ақыры тәртіп сақшысын ажалға итермелеген жағдайдың беті ашылмай қалған еді.

Тек журналистер араласқаннан, оқиға бүкіл елге белгілі болғаннан кейін барып, сең қозғалғандай болған. Облыстық ІІД басшылары жол-көлік оқиғасының басынан соңына дейін сол жерде болған куәлардың аты-жөндерін сұратып алдырады. Ол кезде біздерге ғана есімі мәлім болған тікелей куәгер, полиция қызметкері Азамат Олжабаев туралы ештеңе айтпадық. Оқиғаның қалай өріс алатынын байқап көруге бел будық. Ақыры жол-көлік оқиғасын тергеу мүлде басқа бағытта жүргізіле бастағанын көрісімен, Азамат Олжабаев өз әріптестеріне - тергеушілерге көзбен көргенін айтып берді.

«Мен адам өліміне себепкер болған автокөліктің ішінде отырғандықтан, оқиға болған сәтте автокөлікті Ғалымбек жүргізгенін  ашық айтамын. Онымен қатар отырған мен Ғалымбектің басынан жарақат алған аяғы ауыр келіншегін ауруханаға әкеттім. Сондықтан оқиғаның одан кейін қалай бағыт алғанын  білмеймін», - дейді куәгер.

Алайда, облыстық ІІД тергеушілері әріптестерінің айтқанына сенімсіздік білдірді. Оны жалған куәгерлікке қатысты жауапкершілікпен қорқытқан. Авдокаттар мен жәбірленуіші жақтың талабынан соң куәлар Талдықорғанға шақырылып, олардан қайта жауап алынды.  Бірақ, әлі күнге дейін ешқандай нәтиже жоқ. Ал осындай оқиғаларға қарамастан тоғыз айдың қорытындысы бойыншы Алакөл аудандық Ішкістер басқармасы басқалардың барлығын артқа тастап, бірінші орыннан бір-ақ шыққан. Соған қарағанда, Мәсімовтің фамилиясының өзі біраз салмақ тартатын сыңайлы.  Біздер болсақ, әлі күнге қайғыдан қан жұтып, азаматымыздың ажалына себепкер болған полиция қызметкерінің жазасыз жүргеніне жанымыз ауырып отырмыз. Егер, осындай оқиғалар жиі қайталана берсе, тәртіп сақшыларына үміт артқанды қойып, «қанға - қан, жанға - жан» дегізетін әрекеттерге баруға тура келуі де мүмкін ғой...

Марқұм Асхаттың әкесі - Серік Серікбаев.

Алматы облысы, Алакөл ауданы.

 

P.S. Осы мақаланы cайтқа орналастырғалы жатқанымызда жеткен жедел хабар бойынша6 бір жыл ішінде бір қызметкері өзін өзі өлтірген және тағы бірі адам ажалына себепкер болған, күні кеше мектеп  оқушысы асылып өлген  Алакөл аудандық ІІБ бастығы Нұрлан Мәсімов осы «қызметтерінің арқасы болар» облыстық ІІД бастығының орынбасарлығына тағайындалыпты.

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5572