Синоптиктер Қазақстанның барлық дерлік территориясында нөсерлі жауын, екпінді жел болады деп болжайды
Алматы. 3 маусым. ҚазТАГ – Қазақстанның барлық дерлік территориясы атмосфералық қысым ошағының және сонымен байланысты атмосфералық ағымдардың ықпалында болып, кей жерлерде нөсерлетіп жауын жауып, екпіндетіп жел соғады. Тек республиканың батысында жауын жаумайды. Синоптиктердің сәрсенбіге жасаған осындай болжамын ТЖМ өз сайтында таратты.
Қостанай, Солтүтстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарында, түнде Қызылорда облысында солтүстік-батыстан соққан жел күшейіп, кейбір жерлерде 15-20 м/с болады. Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында солтүстік-батыстан соққан жел кей жерлерде 18-23 м/с болып, кей жерлерде бұршақ жауады.
ТЖМ сонымен қатар, жақын күндері болжанып отырған күшті нөсер салдарынан Алматы облысының таулы өзендерінде су тасып, Іле Алатауында сел лықсымасы орын алуы мүмкіндігін ескертеді.
Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облысының таулы өзендерінде су деңгейі көтеріліп, тасуы мүмкін.
Маусымның 3 күні түнде Ақмола облысының солтүстігіндегі кей жерлерінде 0-3 градус үсік болуы ықтимал.
Дауылды шұғыл ескерту таратылуына байланысты және ауа райының қолайсыздығынан ҚР ТЖМ аталған облыс тұрғындарын абай болып, осы күндері аутокөлікпен алыс жолға, әсіресе табиғат аясына шықпауды ескертеді.