Сенбі, 24 Мамыр 2025
Жаңалықтар 5923 0 пікір 21 Маусым, 2017 сағат 18:00

Алматыда кілемдер жәрмеңкесі өтеді

Жуырда Алматыда «Ұлы дала кілемдері» кілемдер өнімінің екінші жәрменкесі өтеді. Бұл туралы «Абай ақпарат» хабарлайды.

«Ұлы дала кілемдері» жәрменкесі – еліміздің ең ауқымды іс-шарасы, онда Бельгияның, Түркияның, Иранның, Ресейдің, Өзбекстанның және Қазақстанның 1000-нан астам кілем түрлері көрсетілімге қойылады.

Жәрмеңке барысында эксклюзивті кілемдер мен жаңа тауарлар топтамасы ұсынылмақ. Сондай-ақ, кілемдер қол жетімді бағада сатылымға шығарылады деп күтілуде.

Ұйымдастырушылар кілемді дұрыс таңдау мақсатында алматылықтар үшін үшін арнайы мастер – класстар өткізбек. Сонымен қатар, ұтыс ойындары да болады. Ұзын-ырғасы  20-дан астам кілем ұтысқа тігіледі.

Кілемдер жәрмеңкесін 2017 жылдың 28 маусым мен 2 шілде аралығында, таңертеңгі сағат 10:00 мен кешкі 19:00 аралығында Балуан Шолақ спорт сарайында болады.

Ескерту! Кіру тегін. Нақты мекен-жайы: Алматы қ. Абай даңғылы 44, Байтұрсынов көшесінің қиылысы. Қосымша сұрақтар бойынша мына телефондар бойынша хабарласыңыздар: +7 (727) 250 25 00, +7 (775) 927 29 09.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2849
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4584