Жұма, 22 Қараша 2024
13621 72 пікір 22 Маусым, 2017 сағат 21:03

Дүкеннің көксегені қазақ көшінің тоқтауы ма?

ҚР Бас Прокуроры Ж.Қ.Асановқа;

ҚР Iшкi iстер министрі Қ.Н.Қасымовқа;

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің

төрағасы К.Қ.Мәсімовке!

Құрметті Жақып Қажманұлы!

Құрметті Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы!

Құрметті Кәрім Қажымқанұлы!

Соңғы уақытта Қытай Халық Республикасында тұратын этникалық қазақтардың Қазақстан Республикасына келуіне шектеу қойылғаны, нақталап айтсақ, олардың шетелге шығу төлқұжаттарының жиылып алынғаны, Елімізге келіп тұрақты тіркеуге тұрған қандастарымыздың Еліміз тарапынан берілген ықтиярхатына тартып алынғаны, сөйтіп Қытай үкіметі жағынан туысқандрымыздың саяси қысымға ұшырап жатқаны туралы сан түрлі әңгіменің БАҚ-та жиі жазыла бастағаны мәлім.

Осы мәселеге байланысты, "Еуразия" арнасының жаңалықтар қызметі тілшісіне қытайтанушы, Л.Н. Гумилев атыдағы ЕҰУ филология факультеті қытай тілі кафедрасының меңгерушісі, профессор,  ғылым докторы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Дүкен Мәсімханұлы өзгеше бір пікір айтты.

Қытайтанушы Дүкен Мәсімханұлының айтуынша, Қытай Үкіметінің ол елдегі этникалық қазақтарға бұлайша қысым жасауына ең басты себеп: «Біріншіден, бұған мына діни экстремизм Қытайдағы – Шыңжаңдағы кейбір жағдайлар мұрындық болып отыр. Яғни, Шыңжаңнан келген қазақ ағайындар, ұйғырлар. Бұлар осы Қазақстанға келіп, ықтиярхат алып немесе азаматтық алғаннан кейін, кейбір жастар Серияға барып,  жиһат соғысына қатысқан. Cодан кейін кейбір жастар немесе жасамыс кісілер болса да, олар осы Қазақстанды транзиттік мемлекет етіп, Сауда Арабиясына қажылық сапарға барып, содан ары қарай қалып қойып, «Шығыс Түркістанның азаттығы» деген ұйымдарына қосылып, жалпы Қытайдың саясатына қарсы ұйымдарға мүше болған...»-дығы екен. Профессор,  ғылым докторы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Дүкен Мәсімханұлы бұл пікірді жайдан-жай айтпаса керек.

Құрметті Жақып Қажманұлы!

Құрметті Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы!

Құрметті Кәрім Қажымқанұлы!

Сондықтан Сіздерден,

  1. Д.Мәсімханұлының бұл деректі қайдан алғанын немесе бұл сөздерді қандай деректерге сүйеніп айтқанын;
  2. Қазақстан Республикасына Шыңжаңнан келіп ықтиярхат немесе азаматтық алған қанша қазақ Серияға барып, жиһат соғысына қатысқанын және  «Шығыс Түркістанның азаттығы» деген ұйымдарына қосылғанын;
  3. Қазақстан Республикасына Шыңжаңнан келіп ықтиярхат немесе азаматтық алған қанша ұйғыр Серияға барып, жиһат соғысына қатысқанын және «Шығыс Түркістанның азаттығы» деген ұйымдарына қосылғанын;
  4. Қазақстан Республикасына Шыңжаңнан келіп, Серияға барып, жиһат соғысына қатысқан және  «Шығыс Түркістанның азаттығы» деген ұйымдарына қосылған ұйғырлар болса, ол ұйғырларға Қазақстан Республикасының ықтиярхатын немесе азаматтығын кім, қашан, қандай себеппен бергенін жеке-жеке анықтап, тиісті ашық ақпарат берулеріңізді, егер бұл дерек жалған болса, Дүкен Мәсімханұлын жауапкершілікке тартуларыңызды сұраймын!

Шәріпхан Қайсар

Abai.kz

72 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1442
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3203
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5194