Бейсенбі, 17 Сәуір 2025
Жаңалықтар 5948 5 пікір 26 Маусым, 2017 сағат 14:31

Қазақстандық сарбаздар Сирияға бармайтын болды

Дүниежүзі қазақтары құрылтайында қазақстандық сарбаздардың Сирияға жіберілмейтіні белгілі болды. Естеріңізге сала кетейік, осыдан бірер күн бұрын РФ президенті Путин Қазақстан мен Қырғызстанның әскерін Сирияға кіргізу жөінінде ұсыныс жасады деген ақпарат тарап, ол ұсыныс қазақ қоғамы тарапынан қатты наразылыққа ұшыраған болатын.
Алайда, еліміздің сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов қазақ сарбаздарының Сирияға жіберілмейтіні туралы айтып отыр.
Қазір Сириядағы қауіпті аймақтарды Түркия, Иран және Ресей қатаң бақылауға алған. Бұл іске араласуға тек Біріккен Ұлттар ұйымы ғана рұқсат бере алады.
Ал, шиеленісті тұрақтандыруға бағытталған кезекті Астана процесі 4-ші және 5-ші шілдеге жоспарланған.
Абай-ақпарат
5 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 1980
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4832
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4010