Сенбі, 23 Қараша 2024
4470 0 пікір 28 Маусым, 2017 сағат 11:27

Алматы облысының инвестициялық мүмкіндіктері мол

Бүгін облыс әкімі Амандық Баталов «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Біржан Қанешевпен кездесті. Жиында «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ-ның қызметі таныстырылып, өңірлік директорлар кеңесінің жергілікті атқарушы органдармен өзара қарым-қатынас жүйесі баяндалды, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында облыс әкімі Амандық Баталов облыста инвестиция тарту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға қысқаша тоқталып өтті. «Қорғас» ХШЫО мен «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА базасында, өңірдің аудан, қалаларында құрылған индустриалды аймақтар мен өнеркәсіп алаңдарына инвестициялық жобаларды орналастыру мүмкіндіктері жайлы айтып берді.

- Алматы облысы - инвестициялық жағынан тартымды аймақ. Бұл оның аумақтық әрі табиғи-климаттық тұрғыдағы ерекшелігіне байланысты, сонымен қатар көлік дәліздерін дамыту және инвестиция тартуға жасалған жағдайлар мен іс-шаралардың нәтижесі. Инвесторлармен жүргізілген жұмыстың арқасында өткен жылдың өзінде 25 мың жұмыс орны ашылды, - деді А. Баталов.

Мұнан соң «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ қызметінің және өңірлік директорлар кеңесінің жергілікті атқарушы органдармен өзара қарым-қатынас жүйесінің таныстырылымын акционерлік қоғамның басқарма төрағасының орынбасары Біржан Қанешев баяндады. Оның айтуынша, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қазақстан Республикасына шетелдік инвесторларды тарту жөніндегі оператор ретінде құрылған. Компанияның басты міндеттерінің бірі – Өңірлік инвестиция картасын  қалыптастыру, әрбір аймақтың спецификалық ерекшеліктерін есепке ала отырып, инвесторлармен жеке жұмыс жүргізу екенін де атап өтті. Осы мақсатта Талдықорған қаласында жергілікті жерлердегі инвесторлармен жұмыс істеу үшін компанияның өкілдігі ашылмақ.

Жиынды қорытындылаған облыс әкімі А. Баталов Алматы облысы «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ өкілдерімен бірлесе отырып Мемлекет басшысының маңызды тапсырмаларының бірі инвестиция тартуда айтулы нәтижелерге қол жеткізетіндіктеріне сенім білдірді.

Осы күні ресми делегация Алматы облысына жасаған сапары барысында инвесторлармен кездесіп, Алматы облыстық Аймақтық даму орталығының, «Жетісу» ӘКК» АҚ, Талдықорған қаласындағы ХҚО жанындағы инвесторларға қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысты, сол сияқты «Талдықорған» индустриалды аймағында болды.

Жалпы, қазіргі кезде аймақта жалпы инвестиция көлемі 530,9 млрд. теңге болатын, 10 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік беретін 63 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Бұлардың қатарында «Маревен Фуд Тянь-Шань» ЖШС, «ЛУКОЙЛ Лубрикантс Орталық Азия» ЖШС, «Nemish Pharma» ЖШС, «Бауман» ЖШС, «Farm Frites» ЖШС сияқты ірі трансұлттық компаниялардың қатысуымен жүзеге асырылатын 9 жоба бар.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5351