Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 6420 0 пікір 3 Шілде, 2017 сағат 22:46

Көне қару-жарақтар көрмесі ашылды

2017 жылғы 3 шілдеде Қазақстан Республикасының Ұлттық  мұражайында ҚР Мемлекеттік хатшысы Г.Әбдіқалықова Халықаралық «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесіне орайластырылған «Шығыс пен Батыс: Мемлекеттік Эрмитаж қорынан көне қару-жарақ» атты көрменің салтанатты ашылуына қатысты.  

Оған сондай-ақ Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы, РФ-ның ҚР-дағы елшісі М.Н.Бочарников, мемлекеттік органдардың, дипломатиялық корпустың, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, ЭКСПО-2017 көрмесіне келген шетелдік қонақтар, ғылыми зиялы қауым және БАҚ өкілдері қатысты.

Іс-шараны ашқан Мемлекеттік хатшы Г.Әбдіқалықова қару-жарақ жасау өнерінің Эрмитаж қорынан жинақталған көрмесі ЭКСПО-2017 аясында ұйымдастырылып отырғанын айтты. Халықаралық мамандандырылған көрме аясында барлығы 6 мыңнан астам іс-шара өтеді. Бүкіл дүние жүзіне әйгілі, әлемде көрушілер ең көп баратын 20 музейдің бірі болып саналатын Эрмитаждың келуі – Қазақстан мен Ресей арасындағы шынайы достық қарым-қатынастың айғағы.

Одан соң Гүлшара Әбдіқалықова адамзаттың бүгінде, сарапшылардың пікірінше, жаңа соғыс қатері алдында тұрғанын атап өтті. Сондықтан Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Әлем. XXI ғасыр» атты манифесінде: «Өткен ғасырлардың қасіретті қателіктерін қайталауға жол бермей, әлемді соғыс қатерінен түпкілікті арылту үшін бүкіл әлем үкіметтерінің, саясаткерлерінің, ғалымдардың, бизнесмендердің, өнер қайраткерлерінің және миллиондаған адамдардың күш-жігерін жұмылдыру қажет» деген болатын.

Көрме мұражайға келушілерге қару-жарақ жасау өнерінің қыр-сырын ұғынып, Шығыс пен Батыстағы өнердің тарихы мен өркендеуі, қарудың алуан түрі, оларды жасаған орталықтар мен әйгілі қару-жарақ шеберлері жөнінде біле түсуге мүмкіндік туғызады.

Жәдігерліктер қоры қару-жарақ жасау өнерінің XV  ғасырдан XIX ғасырдың соңына дейінгі елеулі тарихи даму кезеңін қамтиды.

Көрмеге қару-жарақ жасау өнерінің 70 шақты үлгісі қойылған, олардың қатарында Германиядан, Түркиядан, Жапониядан, Франциядан, Үндістаннан, Италиядан, Испаниядан, Ираннан және әлемнің өзге де елдерінен келген әскери, аңшылық және салтанатты қару-жарақ түрлері бар.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5340