Дүйсенбі, 25 Қараша 2024
Кәсіп-түбі нәсіп 9449 0 пікір 27 Шілде, 2017 сағат 16:02

«Серпін» әлеуметтік жобасы бойынша 3793 грант бөлінді

«Серпін» әлеуметтік жобасы 2014 жылдан бастап жұмыс істейді. Жобаның басты мақсаты Республиканың оңтүстік өңіріндегі ауыл жастарын еңбек сұранысы  көп батыс және солтүстік аймақтарға білім алуға жіберу, кейін сол жерде жұмысқа тұру мүмкіндігін қарастыру.

Жоба Республикамыздың 9 аймағында орналасқан колледждер мен ЖОО-ы сапалы білім алуға мүмкіндік береді. Бұл туралы Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында белгілі болды.

Биылғы оқу жылына 25 жоғарғы оқу орындарына  3793 грант бөлінді. Оның ішінде техникалық мамандықтарға 1898, ауыл шаруашылық мамандықтарына 345 грант. Жалпы осы үш жыл көлемінде Алматы облысынан 3000-нан астам студент жастар басқа облыстарда оқу орындарында тегін білім алып келеді.

««Серпін» әлеуметтік жобасы арқылы басқа аймақтарға кетіп жатқан студенттерімізге барлық жағдай жасалған. Мәселен, білімгерлерге 4 жыл бойы жатақхана, үйіне барып қайту жол ақысы, шәкірт ақысы беріледі. Шет жаққа кетіп бара жатқандықтан сол жердің халқы «Серпіндіктерді» жылы шыраймен қарсалып жатады. Бұл дегеніміз дәстүріміздегі қонақжайлылықтың белгісі әлі де боймызда барын білдіреді», - деді ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Серпін» ұлттық жобалар басқармасының басшысы Тобатаева Күлзия.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1527
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3308
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5939