Жұма, 27 Желтоқсан 2024
4254 0 пікір 28 Шілде, 2017 сағат 08:24

Тәжікстанда имам-хатибтарды әлеуметтік желілермен жұмыс істеуге үйретіп жатыр

Тәжікстанда 125 имам-хатибты әлеуметтік желілерде жұмыс істеуге үйреткен. Олар үшін арнайы тренингтерді Соғыс және бейбітшілік институты (IWPR) ұйымдастырған.

Имам-хатибтерге Фейсбук және Одноклассники секілді әлеуметтік желілерден арнайы парақша ашып, экстремистік діни идеяларды насихаттайтындарға қарсы күрес жүргізу ұсынылған.

IWPR-дің Тәжікстандағы өкілі Лола Олимова аталған тренингтер елдің бес аумағында өткенін айтады. Оқуға негізінен мешіттердің жас имамдарын тартқан.

Тәжікстан билігі жастардың радикалды дін ағымдарына кіріп жатқанына алаңдайды. Олар әлеуметтік желілерді экстремистік идеяларды таратуға көмектестеді деп айыптап, елде интернетке бақылауды күшейту мәселесін қойған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2052