Жұма, 27 Желтоқсан 2024
4826 2 пікір 28 Шілде, 2017 сағат 08:32

Саакашвили өзін Украина азаматтығынан айырғаны үшін сотқа шағымданады

Михаил Саакашвили өзін Украина азаматтығынан айырғаны үшін сотқа шағымданады. Бұл жөнінде саясаткердің адвокаты Павел Богомазов мәлімдеді.

Киевте бейсенбі күні Михаила Саакашвили жетекшілік ететін "Жаңа күштер қозғалысының" наразылық акциясы өтті. Саясаткерді қолдаушылар президент әкімшілігіне дейін жаяу жүріп өтті.

Саакашвилиді Украина азаматтығынан айырғаны 26 шілдеде белгілі болды. Осыдан кейін саясаткер Киевке барып, "Украинадағы реформа үшін" күресті жалғастыратынын мәлімдеді.

Саакашвили 2013 жылға дейін Грузия президенті болды. Ол 2015 жылдың мамыр айында Украина төлқұжатын алған. Одесса облысын басқарды. 2016 жылдың қараша айында бұл қызметінен кетті. Отставкаға кетуінің себебін саясаткер ауданда коррупциямен күресу мүмкін емес екенін, себебі оны президент Петр Порошенконың өзі "қолдап отыр" деп түсіндірген.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2052