Жұма, 22 Қараша 2024
4356 0 пікір 31 Шілде, 2017 сағат 09:36

Тәжікстан билігі аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетпек

Биылғы жылдың қараша айынан бастап Тәжікстанда барлық аз қамтылған отбасылар әрбір мүшесі үшін мемлекеттен 100 сомонидан (10 доллардан астам) әлеуметтік көмек ала бастайды.

Көмек тоқсанына бір рет беріледі. Осы мақсатта Еуропалық одақ және басқа да донорлардың ұсынысы бойынша мемлекеттік бюджеттен 80 млн сомони бөлініп отыр.

Тәжікстанның қаржы министрінің бірінші орынбасары Джамшед Каримзода аталған жоба алдымен елдің үш аймағында сынақтан сәтті өткенін айтады.

"Енді біз бұл тәжірибені республика бойынша енгізгелі жатырмыз. Осы мақсатта биылғы жылдың бюджетіне 80 миллион сомони бөлдік. Аз қамтылған отбасының әрбір мүшесі үшін 100 сомонидан бөлінеді. Бұл негізінен коммуналдық және басқа да шығындарды төлеу үшін беріледі», - дейді ол.

Дүниежүзілік банктің есебі бойынша, Тәжікстан тұрғындарының 13 пайызы кедейшілікте өмір сүреді. 2009 жылдан бері бұл көрсеткіш еш өзгермеген.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3228
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5290