Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Өз сөзі 16093 46 пікір 31 Шілде, 2017 сағат 13:33

Әзімбай Ғали. Ресей күйресе, Қытай тіліне басымдық бере бастау керек

Батыс  елдері  бірлестігі – АҚШ пен Европалық Одақ және НАТО  Ресейдің  экономикалық  және саяси күйреуін алдыға мақсат етіп қойып отыр. Ресей халқының  саны 146 млн. 804 мыңға жетті. Ресейдің бүгінгі күні ішкі жиынтық өнім көлемі бойынша 1267.55 миллиард  долларды құрайды. Әлем бойынша Ресей ішкі жиынтық өнім көлемі бойынша 13 орында (https://ru.wikipedia.org/wiki; http://investorschool.ru/rejting-stran-po-vvp-2017;)  Ресейдің алдында АҚШ, Қытай, Жапония, Германия, Ұлыбритания, Франция, Индия, Италия, Бразилия, Канада, Оңтүстік Корея және  Испания тұр.

Ресейдің үлкен дағдарысқа түсуіне бірнеше себеп бар.

Біріншіден, Ресей экономикалық және саяси реформа жасап, тығырықтан шығу керек.

Екіншіден, Батыс альянсы мұнай бағасын құлдыратып келеді. Сол себептен Батыс  елдері  Бірлестігі Иранға деген санкциялық шектеуді  бәсеңдетті.  АҚШ өз тарапынан мұнай өндіруді үдетті. АҚШ-тың бұрынғы мұнай саясаты шет елдерге мұнай сатпауға негізделген болатын. Мұнай бағасы төмендесе де Ресей бюджеті (аз болса да мұнай сатудан әлі де мемлекеттік қаржыларын толықтырып келеді) түгесілген жоқ.

Ресей мен Батыс  елдері бірлестігі арасындағы араздық әлі жалғаса түседі. Өйткені, Ресей агрессивтік саясатын әлі жалғастырып жатыр.

Алдымен Ресей  Ельциннің тұсында генерал Лебедьтің  қолымен Приднестровьені оккупациялады. Ресейдің милитаристік лоббилері  Ельциннің кетуінен кейін Путинді толық қолдады. Путиннің тікелей ықпал етуімен Медведев Грузияға  шабуыл жасап, Оңтүстік Осетияны Ресейге қосып алды, ал Абхазия «егемендік» алды. 2014 жылы Ресей Украинаның Қырым жартыаралын аннексиялады және Шығыс  Украинада  «гибридтік»  соғыс ашты.

Ресейдің бұл қадамын Батыс елдері  бірлестігімен келісілген Еуропадағы легитимдік шекараларды жоққа шығару  актісі деп тануға болды. Батыс  елдері  бірлестігі  Ресейдің  экономикалық дамуын бәсеңдетті, стагнацияға ұшыратты. Қазір елдің тұрмыс-тіршілігі  тұралап келеді.

Батыс елдері Ресейге үсті-үстіне санкциялар салып, Ресейге кредит және жаңа технология бермеуге уәделесіп отыр.

Бұрын АҚШ пен КСРО әлемдегі ең басшы, ең мықты ел болған еді. Қазір ғалам тізгіні ең  ықпалды, ең  мықты ел АҚШ, Еуропалық Одақ және Қытай. Ресейдің  ең белді мемлекеттер қатарына шығуы ол елдің агрессивтік саясатын одан әрмен үдетіп жатыр.

Қазір Ресей қатарынан екі соғыс жүргізуде: Сирия және  Украинада, оның үстіне Ресей Батыспен милитаризация жолына түсіп көп қаржыны әскери қарулануға сарп етіп келеді.

Егерде Путин 2018 жылы президенттік сайлауға қатысып, билікті қайтадан қолға алса, Ресейдің тұрмыстық жағдайы жақсармайтыны хақ. Демек, алда Путинге қарсы наразылық күшейе береді. Енді болашаққа болжам жасап көрсек.

Біріншіден, Путиндік Ресей Украинаны жеңе алмайды, себебі Батыс бірлестігі Украинаға экономикалық, қаржылық, әскери (алдымен леталдық қару) көмек көрсетпек. Леталдық қару дегеніміз –  пәрменді әскери қару. Сондықтан біраз уақыттан кейін Ресей әскері Луганск пен Донецктен кетуге мәжбүр болады.

Екіншіден, Путинге қарсы әскерилер мен маңайындағы әкім шонжарлар мемлекеттік төңкеріс жасауы ықтимал.

Ал бізге Ресейдің шексіз әлсірегені керек. Қытай күшейіп, Ресей  күйресе, белгілі бір дәрежеде Қазақстан Қытайға жағына бастайды. Сондықтан да экономикалық қатынастарды Қытаймен  күшейту үшін қытай тіліне басымдық бере бастау керек.

Abai.kz

 

46 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2036