Сенбі, 5 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 5442 1 пікір 1 Тамыз, 2017 сағат 12:09

Қырғызстанда президент болғысы келетіндер саны 59-ға жетті

31 шілдедегі мәлімет бойынша, президент сайлауына қатысқысы келетіндер саны 59-ға жеткен.

Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) мәліметі бойынша, саяси партиялар атынан президенттікке 11 адам ұсынылса, өзін өзі ұсынғандары саны - 48 адам. Өзін-өзі ұсынғандардың ішінде «Ата Мекен» партиясының лидері, коррупциямен айыпталып қамауда отырған Өмірбек Текебаев пен экс-депутат Садыр Жапаров бар.

Қырғызстанда президент сайлауы 15 қазанда өтеді. 31 шілде үміткерлердің өтінішін қабылдаудың соңғы күні.

ОСК президенттікке кандидаттардың нақты тізімін 10 қыркүйекте шығарады.

Абай ақпарат

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 849
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2231
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 565
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 542