Сүйінші! Тағы бір Алтын адам табылды
Сүйінші! Шығыс Қазақстан облысынан көне дәуірдің көзіндей болған құнды жәдігер табылды! Бұл туралы "Abai.kz" ақпараттық порталының авторы Бейбіт Нәлібай Шығыс Қазақстан облысынан хабарлады.
Сақ дәуіріне тиесілі түрлі дүние бүгінге бүтіндей жеткен екен. Зейнолла Самашев бастаған экспедициялық топ қазба жұмыстары кезінде Алтай таулары маңындағы Берел қорымынан тағы бір Алтын адамның қорымын тапты. Алтын адам табылды.
Елбасымыз "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты бағдарламалық мақаласында туған жердің тарихы мен киесіне арнайы тоқталып, үлкен мән беріп еді. Берел қорымынан табылған тағы бір Алтын адам тек шығысқазақстандықтардың ғана емес, жалпы қазақтың ортақ құндылығына айналып, келешек ұрпақты тарихтан тағылым алуға шақырары сөзссіз.
(Суреттер Берік Әбдіғалиұлының парақшасынан алынды)
Абай ақпарат