Сейсенбі, 22 Сәуір 2025
Жаңалықтар 2671 0 пікір 4 Маусым, 2009 сағат 11:49

Арал Байжігітов. Мұрынға «өкпелі» мақаттықтар

Бүгін мақаттықтар ұйқысыз таң атырды. Жағымсыз иіс жатқызбағандықтан, біреулері ағайын-туманы жағалап кетсе, енді біреулері қайда барарын білмей сандалып сыртта жүрді де қойды. 4 маусымды сол себепті де мақаттықтар ұмытпағаны былай тұрсын, мұрны бар болғанына да мұнша өкінбейтін болар.
Дәлірегін айтқанда, Мақат кентінің оңтүстік-шығысына қарай орналасқан Кеңқияқ-Атырау мұнай айдау магистралі желісінің 311 шақырымында мұнайдың далаға кетуі орын алды. Онсыз да экологиясы оңып тұрмаған сорлы өңірді осылайша сасық иіс әп сәтте құшағына алды.
«Қазтрансойл» АҚ күтіміне алған «Мұнайтас» АҚ-ның  (Солтүстік-батыс құбыржелісі компаниясы) меншігіндегі магистраль құбырының диаметрі 610 мм-ді құрайды. Мұнай төгілген жерді анықтау барысында құрал-жабдық, сантехникалық кілт пен мұның нақақтан жасалғанын айғақтайтын басқа да заттар табылды. Аудандық төтенше жағдай бөлімі әзірге осыны мәлімдеп отыр.
Орын алған оқиғаға байланысты апатты ауыздықтау штабы құрылып, төгілген мұнай қалдықтарын зарарсыздандыруға 6 мұнайқұю автоцистернасы, 3 сорғы агрегаты, 1 экскаватор, 2 апаттық арнаулы техника мен 26 адам жұмылдырылды.

Материалдық зиян мен төгілген мұнайдың мөлшері анықталу үстінде. Кенқияқ мұнайының құрамында 4 пайыздай күкірт барлығын ескерсек, халық денсаулығына өлшеусіз зиян келгені аян. Қызығы сол, дәрігерлер көмегіне жүгініп келдім деп айтқан адамдардың сөзін аудандық аурухана да, емхана да жоққа шығарып отыр.

Мақат кенті,
Мақат ауданы,
Атырау облысы.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2112
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4983
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4221