Жұма, 22 Қараша 2024
46 - сөз 6198 0 пікір 23 Тамыз, 2017 сағат 08:11

Бір шаңырақ ойран болды-ау...

Тепсе темір үзетін жаста..

Күн сайын таңертең жұмысқа кетіп бара жататынын көретінмін
Кешке келіншегі, жасөспірім қызы, бүлдіршін ұлы бәрі гүлзарда серуендеп жүретін жұбы жарасқан отбасы секілді еді. Өздері жалдамалы пәтерде тұрады.

Не болғаны белгісіз, бір күндері жігіт ішуді бастады. Алдымен жасөспірім қызды шырқыратып сабады. Артынан қолына пышақ алып, араға түскен әйелін үй айналдыра қуды.

Ол байқұс біздің үйге қашып тығылды. Жігіт үйіндегі ыдыс-аяқтың барлығын бөлмесінің ортасына қиратып үйіп тастады.

Түннің бір уағында күйеуі араққа шығып кеткенде үйінен қолына іліккенін алып, ұл-қызын еріп туыстарына кетіп қалды. Сол ішкеннен әлгі жігіт 2-3 апта ішті. Пәтердің қожайыны шығарып, есікті құлыптап кетіп еді. Түнде терезеден кіріп қонып жүрді (1-қабат).

Бір күні есік алдында отырған біздің бәйбішеге: 

- Әйел, бала-шағамды тауып беріңізші. Өліп қалатын түрім бар. Ішуді тоқтата алмай жатырмын! - деп жылапты. Әйелім жедел жәрдем шақырып еді. Олар келгенімен әкетпеді.

Кеше түнде үйдің қожайыны полициямен келіп, әлгі жігітті беріп жіберді. Бізге кіріп: 

- Жақсы көрші керек болса, қарастырыңыздар. Айына 35 мың + ком. төлемдер! - деп, телефон нөмірін тастап кетті.

Бір шаңырақ ойран болды-ау деп, мен отырмын...

Арақты іше алмайтын болған соң доғару керек қой.

Қазақтың қанында араққа қарсы иммунитет қалыптаспаған. Сондықтан, өзін өзі бақылай алмайтындар 2-3 жылға жетпей маскүнемдік дертіне шалдығады...

Өмір Шыныбекұлы

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5322