Діншілдерге қандай әйел қажет?
Менің жекеме діншілдер өте көп шығады. Кейбіреулері Абдиғаппар Смановтың уағызын тыңдайтын фанаттар мен сопы деген атты жамылып алған сопы сымақтарда менің әйел екенімді бетіме жиі басып, дін мен хадистерде осылай әйелдер туралы жазылған деп кемсітіп отырады.
Солай жазылғанына сіздермен ешқандай дауым жоқ. Рас айтасыздар, дін үшін ең басты және өте қауіпті жаратылыс иесі ол - әйел заты. Егер әйел сауатты, көзі ашық, көкірегі сайрап тұрса және логикасы жақсы дамыған болса "общем" діншілдер үшін "капец".
Діншілдерге өте ыңғайлы әйелдер мынандай талаптарға сай болуы керек:
1. Дінде солай деп айтылған десе, ойланбай дәл солай қабылдау керек.
2. Кез - келген еркектің талабын, құдайдың бұйрығы ретінде қабылдау.
3. Өзін еркектің қабырғасынан жаратылғанына ешқандай күмән келтірмей жан-тәнімен сену.
4. Өзін нашар жаратылыс екенін мойындау.
5.Еркекке бой ұсынып, күңге айналу.
6. Тек діни кітаптармен ғана сауатын ашу.
7. Сананы дамытатын кітаптарды оқымау.
8. Логикадан мақұрым болу.
9. Әйелдің шашы ұзын, ақылы қысқа деген талапқа барынша сай болу.
10. Қамыр сияқты илегенге көну.
11. Сүмелек болу.
12. Осылай әрі қарай жалғасып кете береді...
Әрине сүмелек әйел қай еркекке ұнамайды дейсіз, ол барлық еркектерге ұнайды.
Діншілдер үшін осы талаптарға сай әйелдер өте ыңғайлы және қоғамды да түнек бұрышына оңай тығады.
Ардақ Әшімова
Facebook-тегі парақшасынан