Жұма, 22 Қараша 2024
Қорған 16954 4 пікір 29 Тамыз, 2017 сағат 12:17

Полиция қызметкері білімді де, білекті де болуы керек

 

Совет Одағының тұсында милиция атанған Қазақстан полициясының құрылғанына биыл 25 жыл толды. Осы саланың аяққа тұрып, гүлденіп, дамуын көз алдарында өткерген ардагер қызметкерлер осыноу шиерк ғасырдан бері аз емес деп анық айта аламыз. Солардың бірі – ішкі істер органдарында 30 жылдан астам уақыттан бері қызмет етіп келе жатқан Көліктегі ІІД Қарағанды-Сұрыптау стансасындағы ішкі істер желілік бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Рүстем Әбеуов мырза. Біздің кейіпкеріміз Қазақстан Республикасы Конституциясының 22 жылдығы қарсаңында өз ойын ортаға салды.

– Иә, ел Конституциясының мемлекетіміздің өмір сүруіне қызмет етіп келе жатқанына 20 жылдан астам уақыт өтіпті, - деп бастады әңгімесін Рүстем Серікұлы, -  біле-білгенге бұл аз уақыт емес. Конституция – Қазақстан халқының саналы түрде таңдауының жемісі.

Ата заңымыздың айрықша мәні – адамның құқықтары мен бостандықтарының басымдығын бекітіп, заң шығарушы, атқарушы және ішкі істер органдарының бүкіл қызметі адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталғанын айқындады. Біздің елімізде әр адам өз құқықтары мен бостандықтарын ішкі істер органдары арқылы қорғауға құқылы.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Адамдар полиция қызметкерлерін өздерінің қорғаушысы ретінде танып, өз қауіпсіздіктерін сезінулері тиіс» деген сөзі халық алдында адал қызмет етуге ант берген қатардағы әрбір тәртіп сақшысына үлкен жауапкершілік жүктейді. Өйткені, еліміз үшін адам өмірінің қауіпсіздігі қашанда басты назарда болғандықтан, Қарағанды-Сұрыптау стансасындағы ІІЖБ қызметкерлерінің басты міндеті – халық сенімін барынша ақтап, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау болып табылады.

Қашанда ел тыныштығын, бейбіт адамдар өмірін қорғау жолында ерлік көрсеткен тәртіп сақшылары аз емес. Ел үшін жанын қиған азаматтар туралы айтуды өзіне парыз санайтын Рүстем Серікұлы олар жайында былай дейді:

– Әрине, жас ұрпаққа бейбіт күннің батырларының қаһармандық ерліктерін дәріптеп, олардың есімдерін ел есінде мәңгіге қалдыру – біздің парызымыз.

Ондай марқасқа азаматтар біздің қызметте де көп болған, бүгін де жарау аттай елін қорғауға дайын тұрған өрендеріміз жетерлік. Өткенге көз жүгіртсек, 1981 жылдың тамызында Қарағанды-Сұрыптау стансасындағы ІІЖБ Қызылжар стансасындағы желілік милиция пунктінің қатардағы милиционері Рамазан Байғошқаров қызметтік міндетін атқару кезінде, небары 25 жасында қаруланған қылмыскердің қолынан қаза тапқан болатын. Нағыз адал азамат ел тыныштығына қауіп төнген сәтте тәуекелге бас тіккен еді. Мұндай сәтте ердің ері ғана аранын ашқан ажалға тайсалмай қарсы тұра алады. Бұған әркімнің ерік-жігері жете бермейтіні де рас.

Міне, осындай бүкіл саналы өмірін халық игілігіне арнаған нар тұлғалы азамат Рамазан Зекенұлы еді. Біз бөлімдегі барлық жас қызметкерге Рамазан Зекенұлы туралы үнемі айтып отырамыз. Ол біздің есімізде нағыз батырлық пен адалдықтың шынайы үлгісі болып сақталады. Отанын сүйген адам ғана ел мүддесін бәрінен биік қоятыны баршамызға белгілі.

Ширек ғасырлық даму даңғылынан өткен Қазақстан полициясының бүгінгі келбетіне байланысты  ішкі істер органдарында 30 жылдан астам уақыттан бері қызмет етіп келе жатқан майталман маман не дейді? Енді соған назар аударайық:

– Өз тәжірибеме сүйеніп айтар болсам, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарымен салыстырғанда, бүгінгі таңда жұртшылықтың полицияға деген сенімі өте жоғары. Біздің ендігі мақсатымыз – Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауында айтылғандай, құқық қорғау қызметінің жоғары халықаралық стандартқа сәйкес келетін жаңа жүйесін қалыптастыру. Бұл үшін еліміздегі заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтағанымыз абзал.

Рүстем Әбеуов – өмірлік тәжірибесі кемел жан. Ол осы күнге дейін қаншама жасқа тәлімгер бола білді. Тәртіп сақшысының бойында ең  қандай қасиеттер болуы тиіс? Біз кейіпкерімізден осы сауалдың жауабын сұрап көрдік.

– Кәсіптің жақсысы, жаманы болмайды. Полиция қызметкерінің жұмысын оңай деп ойлайтындар жаңылысады. Себебі, полиция қызмкеткерінің басты ұстанымы – өз ар-ожданының алдында таза болу, қандай қиындықтар, кедергілер болса да шыдау. Ал бұл – кез келгеннің қолынан келе бермейтін іс. Өмір деген қателесу мен қателігіңді түзеуден тұрады.

Полиция қызметкерінің міндеті – заңдылықтың сақталуын қадағалау, қылмыстың алдын алу. Тәртіп үшін заңнан мәртебелі ештеңе жоқ. Сондықтан, әр тәртіп сақшысының бойынан адалдық пен кәсібилікті күтемін.

Бұл салада білімді болумен қатар, бірді ғана емес, бірнешеуін жығатын білекті де болу шарт. Дене шынықтырумен айналысу, спортпен машықтану – полиция қызметкерінің өмірінен ойып тұрып орын алатын нәрсе. Сонымен қатар, полицейлер үшін талап пен жігер қажет деп ойлаймын.

Осылай дей келіп ол шағын сұхбатымызды Ата Заңымызбен байланыстыра түсйіндеді:

– Конституция күні – Тәуелсіздігімізді паш ететін ерекше мейрам. Заң – тіршіліктің мәні. Ел мүддесі, оның тыныштығы мен жарқын болашағы жолында тынымсыз қызмет етіп жүрген барша әріптестеріміздің еңбектеріне толағай табыстар тілеймін. Еліміздің іргесі тыныш болып, көк туымыз тұғырында желбіресін!

Ерғали Берікұлы

Abai.kz

 

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1453
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3216
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5255