Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Анық-қанығы 19613 20 пікір 31 Тамыз, 2017 сағат 12:49

Cалафиттік секс. Телібеков түсінік берді

Бұл жолғы менің спикерім – Мұрат Телібеков. Өзін Қазақстан мұсылмандары одағының төрағасымын деп таныстарып жүрген Мұрат Телібековтің ұсынысы әлеуметтік желіде қызу талқылануда. Көбінің қоятыны бір сұрақ: салафиттік секс деген не?

Салафиттік секске тыйым салу керек. Мұрат Телібеков мырзаның ұсынысы - осы.  О, заман да, бұ заман, секстің салафиттік түрі болатынын естімеген, тіпті, қолданыста көрмеген жұрт, бұл қалай болады екен деген екіұшты ойға қалғаны да өтірік емес.

Салафиттік секс деген қандай секс? Қазақтың менталитетінде жыныстық қатынаспен байланысты сөздер яки әрекеттер бейәдеп сөздер категориясына жатқызылады да, ашық қолдануға шектеу қойылады. Сондықтан, секс түсінігінде кейбір терминдердің немесе позициялардың бізге беймәлім екендігі таңсық емес. Сөйтсек, секстің салафиттік түре де болады екен.

Мұрат Телібеков мырзаның бай сексуалдық фантазиясы мен ащы сарказмы жайлы бұрынырақ жазған едік. Мәкеңнің бұл жолғы бастамасын қырғыз баспасөзі де  жазыпты. Ол жерде салафиттік секске сипаттама беріпті.

Әуелі:

—       қысқа мерзімды жыныстық қатынас;

—       Калашников автоматы позасындағы жыныстық қатынас;

—       кең амплитуда және жағымсыз дауыс шығару, қолды ары-бері сермеу;

—       кәпірлерге қарсы жихадқа шақыру, т.б.

Сондай-ақ, деструктивті діни ағымдағы адамдардың жыныстық қатынасының ең негізгі сипаты – ДАИШ туы түсіндегі қара көрпешенің үстінде болатындығы екен. Тіпті, жарты ай формасындағы вибраторлар мен мүшеқаптарды қолдануы ды ықтимал деп жазады ол.

Міне, салафиттік секс деген осындай болады екен. Қырғыз сайты жазды.

Мұрат мырза өткен жылы жыныстық қатынасқа салық салу туралы ұсыныс айтқан еді. Бұл жолы салафиттік секске тыйым салуды ұсыныпты. Бұл қайдан шыққан идея? Оған қалай бақылау жасауға болады? Біз Мәкеңнің өзіне хабарластық. Сұрадық, пікірін білдік.

- Мақалаға арқау  дүние – дін саласында тыйымның көптігі. Қысқа балақты шалбарға тыйым, сақалға және т.б. Меніңше, бізге хат жолдаған азаматтардың айтпақ болғаны да осы болса керек.

Гротекс деген бар ғой. Аргументті жеткізудің, сендірудің бір формасы. Логикаға салып қарайықшы. Салафиттік киім, салфиттік сақал, хиджап т.б. бар деген сөз, жыныстық қатыныста да салафиттік белгі болуы мүмкін деген сөз ғой. Абырой болғанда, министрлік кейбір өрескел заңдарды дер кезінде тоқтатты. Дұрыс болды.

Тыйым салу – ең оңай жол.  Өкінішке орай, біздің шенеуніктер миларын жұмыс істеткісі келмейді. Кейде 2+2 тең - 4 боладыны түсінбейтіндерге, суретін салып көрсетуге туралы келеді.  Міне, сондықтан да, салафиттік секс туралы идея пайда болса керек. Мәдениетті түрде айтылған қарапайым мысалдарды шенділер түсінбеген соң, кейде осылай ащылау айтуға тура келеді, - дейді Мұрат мырза.

Нұрзат Тоғжан

Abai.kz

20 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2036