Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4831 2 пікір 11 Қыркүйек, 2017 сағат 09:46

Жеңістің - жеті атасы бар, жеңіліс - қашан да жетім

Арман Оспанов жеңіліп қалды. Шыны керек, күтпедік. Бірақ мұнда кездейсоқтық көп орын алады. Арман қателікке жол берді. Бұл жеңілістен сабақ алса, мансабы үшін оң əсер етуі керек.

Өз басым спорттағы Оспанов сынды жігіттерді құрметтеймін. Олар жеңілуден қорықпайды. Нағыз жекпе-жек көрсетеді. Көзбояушылыққа жол бермейді. Ал Қанат Ислам командасы мен Əлемфайтерс жігіттері үшін əлсізден айласын асырып, жеңіліссіз сериясын жалғастырса болғаны. Алматыда жасаған шоуынан кейін көңілім қалған. Олар жанкүйер қалауын бере алмайды. Иə, олар патриот азаматтар, ізгі қасиеттерін үлгі етуге болады. Бірақ спорттағы саясаттарын емес. Əлімханұлы, Мырсатаев, Ахметов сынды жігіттер биікке шыққысы келсе, басқа командаға баруы керек. Жеңілістен қорыққан спортшы нəтижеге жете алмайды. Карьерасын жеңілмей аяқтау абырой емес. Өз-өзіңді алдап отызға дейін қапшықтарды ұрып-ақ жүре беруге болады. Кішігірім турнирді жеңіп келіп, əлем чемпионы болды деп халықты алдауды да қою керек. Əлем чемпионы деп бір кездері Бейбіт Назаровпен де сұхбаттасқан едім. Одан кейін Мырза Еркінбековті де "чемпион болу оңай емес" деп радиодан көсілдіріп қойдық.
Ал солардың шын биігі қай жерде?!

Арман - азамат! Мен оның əлі талай биіктікті бағындыратынына сенемін. Жəне Қанат Ислам бастаған жігіттерді де жоғарыдан көргім келеді.

Берікбол Төлеген

Facebook-тегі парақшасынан

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5415