Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2875 0 пікір 27 Қараша, 2010 сағат 08:29

ЭЖҚКА қазақстандық кәсіпкердің «Қорғас» кеден бекетіндегі жемқорлық туралы хабарын тексеріп жатыр

Астана. 27 қараша. ҚазТАГ – Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (ЭЖҚКА – қаржы полициясы) қазақстандық кәсіпкер Қанағат Такееваның Алматы облысындағы «Қорғас» кеден бекетіндегі жемқорлық туралы хабарын тексеріп жатыр, деп қаржы полициясының баспасөз қызметкері Марат Жұманбай мәлім етті.

«Қанағат Такееваның «Қорғас» кеден бекетіндегі жемқорлық фактілері туралы шағымын Алматы қаласының қаржы полициясы 23-ші қарашада тіркеді. (...) Аталған шағым қолданыстағы заңға сай тіркелді. Ол бойынша агенттік тексеру жүргізіп жатыр», - деді М. Жұманбай агенттікке сенбі күні.

М. Жұманбайдың айтуынша, егер Қ. Такеева қаржы полициясы органдарына өзін және туыстарын қорғау туралы өтініш жасаса, «ол бойынша заңнамамен қарастырылған шара қолданылады».

Республикалық БАҚ-тар хабарлағандай, брокерлік компанияның директоры Қанағат Такеева 24-ші қарашада Алматыдағы баспасөз мәслихатында «Қорғас» кеден бекетінде шектен шыққан жемқорлық бар-мыс деп мәлімдеді. Оның айтуынша, ол сол кеден бекетіндегі жемқорлық сұлбаны ашқан, енді өзі мен туыстарының өмірі үшін алаңдаушылық білдіруде.

«Алматы қаржы полициясы шағымда көрсетілген фактілер бойынша тексеру жүргізіп жатыр. Шағым тіркелді, енді тексеру жүргізілуде», - деді ЭЖҚКА баспасөз хатшысы.

Қаржы полициясының мәліметтерінше Алматы облысы бойынша өткен 10 айда сыбайлас жемқорлыққа қатысты 122 қылмыстық іс қозғалып, 85 іс сотқа жіберілді.

Қаңтар-қазанда фискалдық орган қызметкерлеріне қатысты 14 қылмыс анықталды. «Қорғас» кеден бекетінің бас маман-тергеушісі М. Батырханов 8 жылға сотталды.

2010-шы жылы ЭЖҚКА қазанда «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығының халықаралық орталығы» АҚ президенті Нұрлан Сейдалиннің және еншілес «Қорғас-сервис» ЖШС жетекшісі Ерлан Рақымбаевтың қамауға алынғаны хабарланған. Олар «ЖШС-тің жарғылық капиталын ұлғайту желеуімен жалған кәсіпорындардың есепшоттары арқылы Т190 млн бюджет қаражатн жымқырған» деп айыпталады.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3260
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5576