Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3575 0 пікір 30 Қараша, 2010 сағат 03:54

Сейсенбі күні Республиканың басым бөлігінде ауа райы күрт суытады, жел күшейіп, бұрқасындатып, көктайғақтанады – ТЖМ

Астана. 30 қараша. ҚазТАГ – Қазақстанның басым бөлігіне сейсенбі күні атмосфералық тұтас ағым ықпал етеді де, сонымен бйланысты жауын-шашындатып, арты қарға айналып, жел күшейіп, бұрқасындатады, деп ТЖМ хабарлайды.

Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарында кей жерлерде жел 17-22 м/с-қа дейін күшейеді. Алматы, түнде Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Қостанай, Қарағанды, түнде Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде жел күшейіп, бұрқасындатады. Ақтөбе, түнде Ақмола облыстарында – кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақтанып, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, күндіз Ақтөбе облысында 17-22 м/с-қа дейін барады. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасындатып, 17-22 м/с жел тұрып, екпіні 25 м/с-қа жетеді, түнде көктайғақтанады. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Жақын күндері республиканың солтүстік, солтүстік-шығыс және шығыс облыстарында мұз қату үдерісі одан ары жалғасады, жекелеген өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін. Қазақстанның батыс, оңтүстік, оңтүстік-шығысындағы өзен-көлдерінің гидрологиялық режимінде айтарлықтай өзгеріс болады деп күтілмейді.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5565