Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3561 0 пікір 30 Қараша, 2010 сағат 04:21

Қарағандыға апаттық қонған Boeing-747 ұшағының жолаушылары Гонгконгқа ұшып шықты

Қарағанды. 30 қараша. ҚазТАГ – Қарағандыға апаттық қонған Boeing-747 ұшағының жолаушылары Гонгконгқа дүйсенбі күні 23.20 минутта ұшып шықты. Бұл туралы Қарағандының «Сары-Арқа»  әуежайының баспасөз қызметінен хабарлады.

«Барлық жолаушылар Қарағандыдан Гонгконгқа резервтік ұшақпен ұшып шықты», - деді әуежай қызметкері.

Еске салсақ, дүйсенбі күні 1 сағат 57 минутта Қарағандының халықаралық «Сары-Арқа» әуежайында Cathay Pacific авиакомпаниясының Амстердам- Гонконг бағытымен ұшып шыққан жолаушылар ұшағы апаттық қонуға мәжбүр болды. Ұшақ бортында 311 жолаушы мен 20 экипаж мүшесі болды. Апаттық қону себебі жолаушылар кабинасының герметизациясының бұзылуы болды. Ұшақ еш қиындықсыз қонды.

Қарағанды әуежайына бортында техникалық тобы бар басқа Boeing-747 ұшағы келіп қонды. Бұл ұшақ жолаушыларды Гонгконгқа алып кетті. Ал техникалық топ бұл кезде авиалайнерді жөндеумен айналысады. Одан соң жөнделген ұшақ Амстердамға аттанады, деп әуежай баспасөз қызметінен хабарлады.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3258
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5560