Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3810 0 пікір 30 Қараша, 2010 сағат 07:58

Президент Ұлттық қордан 2011-2013 жылдарға арналған қаражат трансферті туралы заңға қол қойды

Астана.30 қараша. ҚазТАГ – ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық қордан бюджетке 2011-2013 жылдарға арналған қаражат трансферті туралы заңға қол қойды. Сейсенбі күні Ақ орданың ресми сайтында осындай ақпарат жарияланды.

«Мемлекет басшысы Ұлттық қордан 2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджетке қаражат бөлуді қарастыратын «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2011-2013 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Заңға қол қойды», - делінген жарияланған ақпаратта.

Еске салсақ, ҚР парламент сенаты қарашада «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2011-2013 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» және «Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері арасындағы  2011 – 2013   жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» заңдарды қабылдады.

Президенттің «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасы  туралы» жарлығына сай республикалық бюджетке кепілденген трансферт көлемі  $8 млрд көлеміндегі абсолюттік мәнде бекітілген.

Нарықтық $1=Т150 бағамына сай кепілденген трансферттің жыл сайынғы көлемі Т1,2 трлн мөлшерінде болады деп анықталған.

Бұрын хабарланғандай, 2011-2013-ші жылдарға есептелген жалпы сипаттағы трансферт көлемін есептегенде  жергілікті бюджет бойынша қаржы министрлігінің келесідей көлемдегі есептеген кіріс болжамы пайдаланылған:  2011 – Т922 млрд, 2012 жылға – Т999,4 млрд және 2013 жылға – Т1трлн 79,1 млрд.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3258
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5558