Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 4301 0 пікір 30 Қараша, 2010 сағат 08:00

Рим-католиктік шіркеуі Қазақстандағы православтік шіркеуге әулие апостол Андрей Первозванныйдың шірімей сақталған мәйітінің жұрнағын табыстады

Астана. 30 қараша. ҚазТАГ – Арсен Бектасов. Астанадағы Успен кафедралды соборында рим-католиктік шіркеуінің делегациясы рим папасы Бенедикт XVI –ның Қазақстанның орыс православтік шіркеуінің митрополиялық округына сыйлығы ретінде беріп жіберген әулие апостол Андрей Первозванныйдың шірімей сақталған мәйітінің жұрнағын табыстады.

«Қазақстан православтік шіркеуі рим-католиктік шіркеуден әулие апостол Андрей Первозванныйдың шірімей сақталған мәйітінің жұрнағын сыйға алды», - деді Астана және Қазақстан митрополиті Александр сейсенбі күнгі рәсімде.

Ол атап өткендей, бұдан былай, «осы кафедралдық соборда (Успен соборында – ҚазТАГ) мәйіттің киелі жұрнағы сақталады, және әрбір православтік христиан киелі жұрнаққа тағзым етуіне мүмкіндігі болады».

Рим-католиктік шіркеуінің делегациясын қасиетті тақ және Ватикан мемлекетінің мемлекеттік хатшысы, кардинал Тарчизио Бертоне бастап келді.

Итальяның Амальфи қаласында құрмет тұтылатын апсотол Андрейдің қасиетті мүрдесінің бөлшегін Қазақстан православтік шіркеуіне тапсыру мәселесі бұрын Қазақстан метрополиясы мен апостолдық нунциатура арасында талқыланған болатын.

Евангелиедегі жазулар бойынша, апостол Андрей апостолдардың арасында алғашқысы болып Иса пайғамбардың шәкірті болған. Хрисятиан дәстүріне сай ол Шағын Азия арқылы, Қара теңіздің жағалауынан өтіп, Днепр өзенімен бүгін Киев тұрған  тауға дейін көтеріліп, шығыс елдерінде Үнжілді уағыздаған.

Апостол Андрей Еуразияның ауқымды аймағына батасын беріп және діни тұрғыдан тазарту рәсімін жүргізді.

Осында тұратын христиандар - православттар мен католиктер апостол Первозванныйдың рухани мұрагерлері болып табылады.

Андрей Первозванныйдың есімі кеңінен танымал және құрмет тұтылады; ол Ресей, Украина, Шотландия, Румыния, Грекия, Сицилия, Амальфидің қасиетті аспан жебеушісі деп саналады.

1689-шы жылы император Петр I апостол Андрейдің құрметіне Ресей мемлекетінің ең жоғарғы орденін тағайындап, сонымен қатар орыс әскери-теңіз флоты үшін Андрей жалауын бекітті. Жалауды көлденеңінен латынша Х әріпі іспеттес көгілдір крест  - апостол Андрейдің кресті кесіп тұр.

Әулие апостол Андрей Первозванныйдың ордені 1998-ші жылғы 1-ші шілдеден бері Ресей Федерациясының ең жоғарғы ордені болып танылады.

1998-ші жылы 12-ші қарашада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей мен Қазақстан арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуда қосқан зор үлесі үшін Ресейдің ең жоғарғы мемлекеттік наградасы - әулие апостол Андрей Первозванныйдың орденімен марапатталған болатын.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3258
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5560