Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 5597 5 пікір 2 Қазан, 2017 сағат 09:25

Ләйләнің төсі ашылыпты!

Журналистиканы жын ұрып кеткен. Ой, кешіріңіз, бәрін емес, кейінгі кезде саңырауқұлақтай қаптап кеткен, дәстүрлі журналистиканы таптап кеткен, көлденең көлгірси қосылған журналистерді айтамын да... Бүгінде мәдени хабар-ошарлардан мән кетті, тіпті айтар ойы саяз болып, сән кетті, әшейін әлуләйлаған ән кетті.

Не болса соны жазатын боолды, әншілер мен әншісымақтардың артын да, алдын да «кәсемсотпен» қазатын болды. Егер әнебір әнші мұрнын шұқыласа, журналистер: «Мұрынға обал болды...» деп жаза салады. Әншілердің жеке өмірлерін «жеп» қойды... «Енді қыз туайын деп жүр», «Қыдырәлі Болмановтың бұрынғы әйелі бар екен..», «Кәмшәт Жолдыбаева арты жоқ көйлек киіп алыпты!», «Жынысын ауыстырған түрік актері үйленді», "Меломен" тобы: Тоқал алу үшін келіншегіміз бен ата-ананың рұқсатын сұрамаймыз!» сияқты «қатындарский» тақырыптарын «айқайлатып» қойып жазғандааа... жағаңды ұстайсың!

Әншілердің ажырасқаны, ұрысып қалғандары сияқты арзан жаңалықтар не үшін керек? Бәрінен де мына жаңалық «ұнады», көңілім соған құлады: «Ләйла Сұлтанқызы төсін ашты...» Құдайым-ау, осы да жаңалық па? Журналистің Ләйла Сұлтанқызының бір кешке қандай көйлек киіп келетінінде не шаруасы бар? Тап бір жаңадан дүкен ашылғандай алақайлап... Туу, шаршап кеттім!

Мұхтар Шерім

Facebook-тегі парақшасынан

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377