Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4992 2 пікір 2 Қазан, 2017 сағат 09:37

Шымкент қаласының "зың" əкіміне сұрақ!

Қателеспесем осыдан екі жыл бұрын дәл осындай бетондар тұрған. Адамдар үстінен аттап өте беретін болған соң, темірге ауыстырып жатырмыз деген сол кезде. Енді қайтадан бетон қойып жатыр. Бүтін тұрған темір жиектерді неге алып тастап жатырсыздар қала əкімдігі?

Шыны керек мына бетон қалаға кіретін үлкен даңғылдың көркін ашып тұрған жоқ! Осы бетондарға кеткен қаржыға, қаламыздың асфальт салынбаған мөлтек аудандары бар лай басып жатқан . Неге сол көшелерге асфальт төсемейсіздер? Бүтін тұрған жерді бұзып қайта жасай бергеннен мүйіз шыға ма? Əлде мен білмейтін бір құпия бар ма? Əлде бюджеттегі ақшаны қайда жарату керектігін білмей жатсыздар ма?

Маған осы сұрақтарға жауап берсеңіздер. Себебі осы даңғылмен өткен сайын такси шопырлары боқтап жатыр. "Бүтін тұрған дүниені қиратып, ақша істеп жатыр "- деп. Мүмкін таксистер түсінбейтін шығар, мен түсініп қалармын сіздердің мына істеріңізді. Əлде əкімдікте жұмыс істейтін біреудің бетон шығаратын зауыты бар ма?

Айгүл Орынбек

Facebook-тегі парақшасынан

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377