Жұма, 4 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 5457 0 пікір 3 Қазан, 2017 сағат 13:53

Назарбаев: Біз АҚШ халқымен біргеміз

 

Қазақстан Президенті Америка Құрама Штаттарының Президенті Дональд Трампқа көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Лас-Вегас қаласында болған атыс салдарынан көптеген адамның қазаға ұшырағаны және зардап шеккені туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

«Біз осынау сын сағаттарда АҚШ халқымен бірге екенімізді жеткізгім келеді. Жеке өзімнің және барша Қазақстан халқының атынан қаза болғандардың туыстары мен жақындарына, сондай-ақ достас Америка Құрама Штаттарының халқына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін», - делінген жеделхатта.

Абай-ақпарат

 

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 797
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2124
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 538
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 512