Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 5930 4 пікір 5 Қазан, 2017 сағат 08:48

Биігімізден аласармайықшы!

Әйгілі У.Черчилльдің ескерткішін көргенде мына әңгіме есіме түсті...

Қазақ даласының қазынасын ағылшындарға мойындатқан Қаныш Имантайұлының құрметті ғалым ретіндегі Англияға жасаған бір сапарында У.Черчилльдің "сіздің ұлтыңызды айыра алмай тұрмын" дегеніне: "Мен көшпелілердің ұрпағымын, қазақпын", - деп жауап беріпті. "Сонда барлық қазақ нақ сіздей алып тұлғалы әрі бойшаң жаралған ба? - деп сұрапты ол таңғалып.

Сол кезде Сәтбаев: "О, жоқ, мырза, халқым менен әлдеқайда биік!" - деген екен.

Биіктікке іңкәр қазақ өрлігін ешқашан төмендетпесе екен. Әр қазақтың баласы өзін халқынан ешқашан биік қоймаса, қазақтай текті елге өзгелердің қызығары анық...

Биігімізден аласармайықшы!

Бекжан Тұрыс

Facebook-тегі парақшасынан

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377