Бейсенбі, 3 Қыркүйек 2026
46 - сөз 4692 2 пікір 9 Қазан, 2017 сағат 14:43

"Моя твоя не понимайт"

 

Кеше Хабар ТВ түсірген осы "Код" жайында 1-ші бейнежазбаны қарап шықтым.
Сонда бір "марқасқа" "Қазіргі мектептегі реформалар болашаққа, яғни әрбір қазақ ағылшын тілін еркін меңгерген заманға бағытталған, соны ескереді" деп мәлімдеді... Просто, гениально!
Иә, керемет болайын деп тұр екен - бәріміз ағылшынша кітап жазып, сол тілде ғылымды қарыштатамыз енді!
ОЛАЙ БОЛСА - БІР ӨТІНІШ:
Елімізге келе жатқан технология Ағылшыннан емес, Қытайдан болады деп жоспар жасаған екенсіздер...
Бірақ қытайлар ағылшынша емес, өз тілінде сөйлеп жүр. Сондықтан олармен елімізде жұмыс істеу ағылшын тіліндегі бізге үлкен кедергі болғалы тұр.
Осыны ескере келе біздің БҒ министрі Қытайға (КХР) "Экономиканың және технологияның ғылыми негізі саналатын пәндерді мектептен бастап ағылшынша оқытуға көшір" деген ұсыныс енгізгені жөн...
Олар да болашақ пайдасын ойлаған халық - ақылға келер...
Болмаса, орыстар айтпақшы "Моя твоя не понимайт" болатын түрі бар.

Әбдірашит Бәкірұлы

FB-дағы парақшасынан алынды

2 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 557
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 1898
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 476
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 444