Сәрсенбі, 13 Қараша 2024
Асқанға - тосқан 6378 18 пікір 10 Қазан, 2017 сағат 09:55

Қазақ президенті баратын жиынға Қырғыз президенті бармайтын болды

 

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Сочи қаласына (Ресей) бармайтын болды. Қырғыз басшысының жұмыс сапары 10-11 қазанға жоспарланған еді. Бұл туралы мемлекет басшысының аппараты хабарлады.

Атамбаев Сочиде ТМД ұйымына мүше елдердің басшылары кеңесінің және Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңесінің жиналыстарына қатысуы керек болған.

"Жекелеген саясаткерлердің қылмыс әлемінің көмегімен сайлау күні жаппай тәртіпсіздікке дайындалғаны туралы фактілер тіркелгенін, бұған қоса мұндай саясаткерлердің шетелден қаржылай қолдауын ескере отырып, президент ел қауіпсіздігі мен тәртіпті жеке өзі бақылау үшін жұмыс сапарынан бас тартты", - делінген ресми хабарламада.

Атамбаевтың тапсырмасымен, Сочидегі жиындарға қатысатын делегацияны премьер-министр Сапар Исаков бастап барады.

Қырғызстандағы президенттік сайлау 15 қазанда өтеді.

Cочиде өтетін  ТМД ұйымына мүше елдердің басшылары кеңесіне ҚР президенті Назарбаев барады деп күтілуде. Назарбаев баратын жиынға Қырығызстанда өтетін сайлау мәселесін сылтау етіп Атамбаев бармайтын болып жатыр.

Abai.kz 

18 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1239
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 2950
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 3320