Премьер Азиада-2011 құрылысын қаржыландыру бойынша кеңес өткізді
Астана. 5 маусым. ҚазТАГ - ҚР премьер-министірі Кәрім Мәсімов Қазақстанда VII-ші қысқы Азиялық - 2011 ойындарын өткізу және дайындығын ұйымдастыру комитетінің отырысын өткізді, деп хабарлады премьердің баспасөз қызметі.
Отырыста құрылысты қаржыландыру, Астана мен Алматы және Алматы облысындағы Азияда өтетін нысандар мен инфрақұрылымдарды қайта жөндеуден өткізу мәселелері талқыланды.
«Премьер жауапты тұлғаларға Азиада нысандарын салу мен қайта жөндеу кестесін сақтау туралы, сонымен қатар Азия ойындарының ашылуы мен жабылу рәсімдерін өткізу мен оған дайындық мәселелері бойынша бірқатар тапсырмалар берді», - делінген таратылған хабарда.
К. Мәсімов 30 мамырда Алматыға жасаған жұмыс сапары барысында Азияда нысандарының салыну барысымен танысты. Сол кезде премьер қала әкімшілігіне нысандардағы жұмыстардың аяқталуына қажет қосымша қаражат мәселесін үкімет қарап шешім шығарады деп уәде берген.