Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Алаң 8064 5 пікір 31 Қазан, 2017 сағат 12:01

Қырғыз ақыны кешірім сұрады. Шекарадағы шектеу алына ма?

Жеңішбек Жұмақадыр дейтін қырғыздың ақыны бар. Сол жақында бейне үндеу жасап, әлеуметтік желіге жариялапты. Онда қазақ пен қырғыздың ортасындағы мәселелерге тоқталып, Президент Назарбаевтан шекарадағы шектеуді алып тастауды сұрапты.

Өз Президенті Алмасбек Атамбаевтың айтқандары үшін кешірім сұраған. "Қазақтың бар ғой нарқында, қырғыздың бар ғой салтында. Інісі қойса еркелеп, ағасы қояды кешіріп., құшағын жайып келсе деп...", деп төккен Жеңішбектің айтқандары бұл.

Атамбаевтың айтқандарына тоқталып жатпадық. Оны естіді жұрт. Дүркін-дүркін дүрелегендей айтылған әлгі тв шоулардан кейін қазақ билігі өз реакциясын көркетті. Шектен шыққаны былай тұрсын, бейсауат айтылған әлгі пікірлерден кейін шекара мәселесі туды. Шекара шегенделді, шектеу қойылды.

Бір қызығы осы уақытқа дейін екі биліктің текетіресіне тоқтау айтқан аға буын, зиялы қауым өкілдері болған жоқ. Қазақ қаламгерлері "ләм-мим" деп жақ ашқан жоқ. Қырғыздағы зиялы топ та тып-тыныш жатқан.

Жеңішбек Жұмақадыр бейне жазба жасап, Президент Назарбаевтан кешірім сұрап, шекараны ашуды өтінді. Жеңішбектің бұл қадамына біздің жақтан әлі реакция байқалмады.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2036