Мемлекеттік сыйлыққа "пародия жасайтын" бір сыйлық керек..
Халықаралық Нобель сыйлығының пародиясы Шнобель сыйлығы немесе "Антинобель сыйлығы" деген бар.
1991 жылдан бастап беріле бастаған бұл сыйлық күлкілі жаңалықтар ашқан адамдарға беріледі. Сыйлық әдетте фольгадан жасалған медаль немесе тұғырға орнатылған жақсүйектің статуэткасы түрінде болады.
Шнобель сыйлығы иегерлері жыл сайын қазан айында Нобель сыйлығының иегерлері жариялар қарсаңында белгілі болады. Әдетте, сыйлық иегеріне 3 Нобель сыйлығының лауреаты қол қойған сертификат беріледі. Сыйлықты Нобель сыйлығының лауреаты тапсырады.
Бізге Мемлекеттік сыйлыққа пародия ретінде осындай бір сыйлық керек...
Мысалы үшін, ақын-жазушыларымыздың айтуынша, әдебиет саласында сыйлық алу үшін әке-көке жағалап, зыр жүгірістер болатын көрінеді. Сондайлар осындай сыйлыққа лайық-ақ қой.
Немесе микроэкономиканы қатырмай жатып, макроэкономикадан докторлық қорғаған азаматтарымыз да жетерлік.
Соларға неге сыйлық бермеске?!
Сыйлықтарды Республикалық және өңірлік етіп тағайындауға болады...
Өмір Шыныбекұлы
Facebook-тегі парақшасынан