Сәрсенбі, 29 Қазан 2025
Жаңалықтар 4858 0 пікір 3 Қараша, 2017 сағат 14:16

Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында 308 жоба жүзеге асырылды

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде Алматы облысында жалпы сомасы 37 млрд. теңге болатын 308 әлеуметтік жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы облыс әкімі Амандық Баталовтың Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында белгілі болды.

Мәселен, Еңбекшіқазақ ауданы Ащыбұлақ ауылында Сабыровтар отбасы қараусыз жатқан саябақты қайта жаңғыртты. Кербұлақ ауданының тумасы, жеке кәсіпкер Хасан Абуов туған ауылында бастауыш мектеп салуда. Қарасай ауданы Қырғауылды ауылында «Батыр балалар» мемориалды музейі ашылды, оған меценат 465 млн. теңге бөлген. Сонымен қатар Шамалған ауылында әлеуметтік әлжуаз топтар санатындағы 17 отбасы жеке тұрғын үйге ие болды.

Сонымен қатар Алматы облысында «Менің Жетісуым» жерлес-инвесторлар форумын өткізу жоспарланып отыр. Бұл әлеуметтік жобалар қатарының көбеюіне ықпал ететін болады.

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 1216
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 10743