Сенбі, 23 Қараша 2024
Ақмылтық 5631 6 пікір 6 Қараша, 2017 сағат 05:08

Анардың елшіден алған жауабы көңілге үміт ұялатты

Бисмилләһир рахманир рахим!

Отандық журналит Анар Төлеуханқызынының: "Сіздің елдегі теңізі бар дамыған Шығыстан гөрі бізге географиялық тұрғыда сіздің елдің батысы жақын, ал жуңго жұртында Батыс өңірді дамытуға көптеген жұмыстар атқарылып жатқанын Сычуань провинциясына барғанда көрдік. Осы ретте  Шыңжаңды дамытуда қандай бағыттар барлығын жəне ондағы қазақтардың құқығы бұзылуда деген ақпарат жайында не айтар едіңіз?" деп қойған сауалына, Қытайдың еліміздегі Төтенше жəне өкілетті елшісі ЧЖАН ХАНЬХУЭЙ:

"Ия шығыс аймағы батысқа қарағанда дамуы жоғары. Мемлекет батысқа өте көп көңіл бөліп, қаржы ағынын солай қарай бағыттауда. Жəне бəрінен де көбірек СҰАРға бөлуде. Соңғы уақытта СҰАР үшін көптеген маңызды жобалар атқарылды. Халықтың тұрмыс жағдайының жақсаруына, денсаулық, білім салаларына қаржы көптеп бөлді. Қазақтардың шоғырланған өңірлері-Ертіс, Алтай мен Үрімші. Бұл жерлердің инфрақұрылымдары да, климаттық жағдайлары да біршама жақсы, мемлекет дамуына қаржы бөлуде. Ал қудалауға келсек XIX съезд қарсаңында СҰАР аймағында адамдарды тексеру қатты жүргізілді. Жəне тек қазақтар ғана емес ханзулар да, барлық өзге ұлт өкілдері де содан өтті. Қазаққа деген ешқандай жаман көзқарас жоқ. Бірақ тексереміз деп шамадан артық кетіп қалған жайттар болған. Жоғарыдан съезд ешбір у-шусыз өтетін болсын деп түскен нұсқауды орындаймыз деген құқық қорғау органдарының қызметкерлері шамадан тыс қимылдап, төмендегі жекелеген қызметкерлер ақылға сыймайтын шешімдерге барған. Тіпті Үрмшіге барып біздің елшіліктің дипломаттары қонақүйге орналаса алмады. Олардан куəлік сұраған, ал біздің қызметкерлерде тек диппаспорт қана бар. Сөйтіп Бейжіңнен хабарласып бұларың дұрыс емес дегенде барып орын берді. Кей қызметкерлердің миларының орнына бұлшық еттерін ғана қимылдатуының кесірі тиіп, адамдар құқығы бұзылған жайттар бар. Олар орнына келуде. Бейжіңге хабарланып, Үрімшідегі жоғары билікке жетіп оң шешімін табуда. Бұл мемлекет тарапынан жасалған саясат емес, жеке мемқызметкерлердің жөнсіз кеткен жүгенсіздігі.

Егер осындай факт тағы орын алса азаматтардың елшілікке келіп мəн-жайды айтуын сұраймын. Ондай ақпаратты саудаға салып желкілдету мəселені шешпейді, қайта екі ел арасында түсінбеушілік туғызуы мүмкін. Сондықтан жолсыздық орын алса хабарлассын, мен өзім араласатын боламын", деп жауап беріпті.

«Елдестірмек елшіден» деп, Қытайдың еліміздегі Төтенше және өкілетті елшісі ЧЖАН ХАНЬХУЭЙ мырзаның қытайдағы қазақ мәселесіне қарата берген бұ жауабы көңілге ерекше үміт ұялатты.

Енді мұндағы Қытайдан келіп Қазақстан азаматтығын алған азаматтар осы жауапты ерекше көзде ұстағаны жөн.

Қытайдың еліміздегі Төтенше және өкілетті Елшінің осы жауабына сүйене отыра Қазақстан азаматтығын алған азаматтардың Қытай елшілігіне, өздерінің Қазақстан азаматтығын алғандықтары себебінен Қытайда зардап шегіп жатқан туыстары туралы ашық арыздарын, беталбаты шуламай, міне осы Қазақстандағы Қытай елшілігіне бергендері ең дұрыс.

Құл-Керім Елемес

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5343