100 долларлық бір банкноттың салмағы 1 грамм
Түрлі үлкен сомаларды сөз еткенде қарапайым жұрт оның нақты құнын түсінбейтін секілді. Қолмен ұстап көрмегеннен болар. Мәселен, "ананың байлығы 5 миллиард", "мынанікі 10 миллиард" дегенде... Санап көрелік. 100 долларлық бір банкноттың салмағы 1 грамм. Демек, 100 долларлық банкнотпен 1 миллиард доллардың салмағы 10 тонна немесе 5 Камаз болады. Олай болса, жылына таза 10-15 грамм тапқан қазақ он Камаз босқа кеткен Экспоға, жиырма Камаз кеткен жекеменшік банктерге көмекке, отыз Камаз кеткен Теңге бағамына соншама неге қуанады?
Расул Жұмалы
FB парақшасынан алынды