Қарағанды облысында инвесторларға барынша қолдау көрсетілуде
Қарағанды облыстық «Сарыарқа» еркін экономикалық аймағында иенвесторларға барынша қолдау көрсетіліп жатыр. Бұл туралы "Абай ақпарат" хабарлайды.
Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Алмас Айдаров мырзаның айтуынша, қазіргі таңда «Сарыарқа» ЕЭА-ға қатысушысы болуға мүмкіндік жасалып отыр.Рұқсат беру процедураларының мерзімі де қысқартылған.
- Біздің ЕЭА-тың артықшылығы қандай? Біріншіден, бұл аймақтың әлеуеті – индустриалды алаң, шикізаттың болуы, арзан электр энергиясы. Қазір бір әрбір ЕЭА қатысушысына қажетті жнергетикалық қуаттылықты ұсынуға дайынбыз, - деді обыс әкімінің орынбасары. – Сонымен бірге ЕЭА қатысушыларын рәсімдеу – бізге ол мерзімді бір айға дейін қысқартуға мүмкіндік туды. Бұл тәжірибе жүзінде тексерілді – қатысушылар ол деректі растай алады.
Облыс әкімінің орынбасары Алмас Айдаров мырзаның айтуынша, бір ай көлемінде жер телімі беріліп, техникалық шарттар ұсынылады.
Потенциалды қатысушылар үшін билік басындағылар инвестициялық тауашалар құрастырған екен.
- Біз барлық телімдер бойынша үлестірулер дайындап қойдық, қай жерде қандай зауыттар орналасатынын белгіледік. Бұл ретте облысқа енгізуге тура келетін тауарлардың импортына, сонымен қатар тұрақты ірі компаниялар шет елден сатып алатын өнімдерге сүйендік. Сонымен қатар келешекте нарық қандай өнімдерді пайдаланатынына болжау жасадық, - деп мәлімдеді Алмас Айдаров.
Жасалған сараптамалар ірі габаритті құбырлар өндірісі, ауыл шаруашылық машиналарын жинау, лифт құрылысы, химиялық тыңайтқыштар өндіру тетіктері әлі жабылмағанын көрсетті. Облыста құрылыс кластері құрылған, алайда өзіміздің бояу-сырлау материалдары жетіспейтіні байқалады. Қазір шет елден гидравликалық және компрессорлық құрылғылар жеткізіледі, алайда оның өндірісін жергілікті жерде де ұйымдастыруға болар еді.
«Сарыарқа» ЕЭА аумағында қазіргі таңда 6кәсіпорын жұмыс істейді, тағы 6 зауыт құрылыс барысында.
Жыл соңына дейін патрон зауытының бірінші кезегі іске қосылады деп күтілуде. Құрылысты толығымен аяқтау 2018-ші жылы жоспарланып отыр. Жобанық құны – 22 млрд теңге. Бірінші кезеңде тапанша оқтары шығарылады Облыс әкімінің орынбасары мәлімдегендей, қажетті жабдықтар сатып алынған, қазіргі таңда іске қосу- реттеу жұмыстары жүрігзілуде.
«Сарыарқа» ЕЭА ҚР Президентінің Жарлығымен 2011-ші жылдың қарашасында Металлургия және Метал өңдеу индустриалдық паркінің негізінде құрылған болатын. Оның қызмет ету мерзімі 2036-шы жылдың 1-ші желтоқсанына дейін деп белгіленген. Аймақ 500 гектардан астам аумаққа созылған. ЕЭА қызметінің басым бағыттары металлургиялық өнімдерді және метал заттарды өндіру, электрондық және оптикалық өнімдер, химиялық өнеркәсіп, құрылыс индустриясы деп анықталған. Инфрақұрылым да салынған: қуаттылығы 5 100 текше метрді құрайтын сумен қамту жүйесі және кәріз; электр қуатымен қамту - 486 МВт; теміржол станциясы. ЕЭА қатысушылары салық және кеден жеңілдіктерін пайдаланады.
Abai.kz