Ташкентте ЖКА жасаған қазақстандық дипломат сау болған және зардап шеккенді өзі құтқаруға әрекет жасаған – ҚР елшілігі
Ташкент. 8 маусым. ҚазТАГ – Өзбекстандағы Қазақстан елшілігі Ташкентте жол көлік апатын (ЖКА) жасаған қазақстандық дипломат сау болған және зардап шеккенді өзі құтқаруға әрекет жасағанын айтады. Бұл туралы дипмиссияның арнайы таратқан хабарында айтылады.
«Қазақстандық дипломаттардың қатысуымен болған Ташкенттегі ЖКА туралы» деген хабарда: «Ташкенте, қазақстандық дипломаттың жүргізуімен, елшіліктің көлігі 2009 жылы 4 маусымда душар болған жол көлік апатына байланысты Интернет кеңістікте фактілерді бұрмалаған субъективті сипаттағы бірқатар мақалалар пайда болуына байланысты, елшілік болған оқиғаның кейбір қырларын түсіндіргенді жөн санайды», - деп айтылған.
Атап көрсетілгендей, 4 маусымда «Ниссан-Максима» аутокөлігін айдаған елшілік дипломаты Ташкент әуежайында «Нукус-Ташкент» кешкі рейсімен іссапардан оралған елшіліктің қызметкерін қарсы алған. Дипломаттардың біреуінің үйіне қайтар жолда жоғарыда аталған ЖКА орын алған.
«Тойота Прадо» джипімен қақтығысуының нәтижесінде елшіліктің көлігі аударылып жаяужолда келе жатқан үш жаяу жүрушіні іліп кеткен.
«Зардап шеккендердің біреуінің жағдайы ауыр екенін көрген елшіліктің «Ниссан-Максимадағы» консулы өзінің жарақаттанғанына қарамай, жеке өзі таксимен Ташкенттің Хамза ауданындағы травматология мен ортопедия институтына апарып дәрігерлерге тапсырған», - деп айтылады хабарда.

Бірер уақыттан соң ол әйел қайтыс болды. Және бұған байланысты елшілік қызметкерлері қаза болғанның туыстары мен жақындарына, орны толмас, мезгілсіз ауыр қазаға қайғыра көңіл айтты.
Хабарда «Ниссан-Максима» аутокөлігін жүргізіп отырған қазақстандық дипломат «өз еркімен және келешекте болуы мүмкін қандай да алып қашпа әңгімелердің алдын алу үшін, елшіліктің екі дипломаты, жол полициясының екі инспекторы, екі дәрігер және екінші жақтан ЖКА қатысушылардың көзінше наркологиялық орталықта екі рет медициналық тексерістен, дәрігерлердің көзбен қарауы және ағзадағы алкогольді анықтайтын арнайы медициналық жабдықтарда тестен өткені» айрықша атап өтілген.
«Тест нәтижесі елшілік дипломатының ағзасында алкогольдің толығымен жоқ екенін көрсетіп және ол жоғарыда аталған тұлғалардың көзінше айтылған», - делінген хабарда.
Қазіргі уақытта елшілік айтокөлігін басқарған дипломат ЖКА нәтижесінде омыртқасына кезеген зақымға байланысты реанимацияда жатыр.
Осы іске байланысты Өзбекстанның құқық қорғау органдары тергеу-тексеру амалдарын жүргізіп жатыр.