Сейсенбі, 26 Қараша 2024
5164 6 пікір 27 Қараша, 2017 сағат 13:41

Офицерлер де әскерге шақырылады

Алматы қаласының  жергілікті атқару  органдарымен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің офицерлік құрамының  лауазымдарын жинақтау бойынша іс-шараларды  іріктеу  жүргізілуде. Қазақстан Республикасының   Үкіметінің 2017 жылғы 31 тамыздағы  "Әскери қызметке запастағы офицерлерді шақыру туралы" №531 қаулысына сәйкес  запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру жұмыстары жүріп жатыр.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің сұранысына сәйкес әскерилерді іріктеу іс-шаралары  артиллерия  және медицина мамандықтары бойынша кандидаттар ұсынылады. 2017 жылғы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының қосымшасына сәйкес әскери-медициналық қызметке 100 запастағы офицерлер мен 50 артиллеристер шақырылады.

Алматы қаласы бойынша 22 медициналық және 14 артиллерист салалық мамандары тартылған. Заңнамаға сәйкес запастағы офицерлер құрамының  қызмет ету мерзімі – 2 жыл.Бұл әскери қызмет саласына  жасы 29  дейінгі ер азаматтар қабылданады. Қазақстан  Республикасы Қарулы Күштерінің офицерлік құрамының лауазымдарын жинақтау үшін запастағы әскери міндеттілерді іріктеу  2012  жылғы 16 ақпандағы  №561  "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы"  ҚР Заңының  32-бабына сәйкес жүргізіледі. Кандидаттар аудандық және қалалық медициналық куәландырудан өтеді.

Сонымен қатар психологиялық тест тапсырады. Запастағы  офицерлер  әскери қызметін атқару кезеңінде әлеуметтік  қамтамасыз етудің мынадай  жеңілдік құқықтары қарастырылған:  заттай мүлік  үлестер нормалары,  жалға алу үшін   кепілдік өтемақы, офицерлерге ақшалай үлес, екі жалақы мөлшерінде  көтерме жәрдемақы, үстемақылар, сыйақылар  және басқа да әлеуметтік   жәрдемақылар. Осындай көрсеткіштермен  Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатары күн санап өсіп, нығайып келеді. Аталған  іріктеу іс-шаралары ағымдағы жылдың соңына дейін жалғасады.

Кристина Новикова,

Алматы қаласының Қорғаныс істері жөніндегі

Департаментінің Баспасөз хатшысы

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1545
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3337
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6121