Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4123 0 пікір 24 Қараша, 2017 сағат 15:28

Елбасы: Жемқорлықты кім жасаса да, онымен қатал күресу керек

Жуырда Қазақстаның Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров жиын өткізді. Оған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы және оның аумақтық бөлімшелерінің жеке құрамы қатысты, деп хабарлайды Абай ақпарат агенттігі.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров мырза  жемқорлыққа қарсы қызмет офицерлеріне Мемлекет басшысы берген тапсырмаларды жеткізді.

«Біздің міндет – қоғам өмірінің барлық салаларында жемқорлықпен тиімді күресуді қамтамасыз ету»,-деді Қ. Қожамжаров.

Сондай-ақ төраға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тиімді жұмыс атқаруына қажетті жағдайы мен құралдары бар екенін атап өтті. Басым міндеттерге қылмыстық тізбектің барлық құрамын, яғни орындаушыдан ұйымдастырушыға дейін әшкерелеу қойыл­ды.

«Елбасы сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы қызметке жем­қорлық көріністерін кім жасаса да, онымен қатал күресуді міндет етіп қойды»,-деді ол.

Мемлекеттің экономи­калық қауіпсіздігін қамта­масыз етуге ерекше көңіл бөлінді. Осы бағытта Ұлт­тық бюроға бюджет қара­жатының мақсатты жұмса­луына бақы­лауды күшей­ту тапсырылды.

«Мемле­кеттің ұрланған қа­ражатын толығымен өндіруді қамта­масыз ету керек. Ол үшін айыпты тұлғалардың мүлігіне тыйым салу және шетелдегі заңсыз активтерін анықтау мәселелері маңызды. Мем­лекет есебінен заңсыз ба­йыған бірде-бір тұлға, ұр­ланған қаражатты не Қазақ­станда, не шетелде пайда­ла­нуға мүмкіндігі болмауы тиіс»,-деді төраға.

Ерғали Берікұлы

Астана

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5340