Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Анық 11221 34 пікір 30 Қараша, 2017 сағат 15:34

Назарбаев көшесі жайлы көршілер не дейді?

Бүгінгі күннің бас тақырыбы – Алматыдағы Фурманов көшесінің атын өзгерту болды.  Өзгергенде де «Нұрсұлтан Назарбаев» көшесі болып өзерді. Қазақстандық әм шетелдік БАҚ бұл туралы не деп жатыр? Біз шолу жасадық.

Әйдік шаһардағы осы бір көшенің атауын өзгерту мәселесі бұрыннан бері айтылып та, жазылып та жүрді. Совет өкіметінің өктем көтерілісшісі Д.Фурмановтың атауы ескі одақтың тұсында берілген.

61 жыл Фурмановты ұлақтап келдік

Иә, көп жұрт түптің-түбі бұл көшенің «Назарбаев көшесі» болып өзгеретінін білді. Міне, тұп-тура Президент күні қарсаңында Алматы мәслихатының депутаттары шешім шығарып, көше атауын өзгертті.

Фурманов атауы 1956 жылы беріліпті. Содан міне, 61 жыл дегенде советтік төңкерісшінің аты өшті. Иә, 61 жыл Фурмановты ұлықтап келдік. Енді ол көше Назарбаевтың атында.

Бұл көшеге берілген үшінші атау. Әуелде (қаланың өзі Верный болып тұрған тұста) бұл көше - Лепсі көшесі болған. Кейін Дмитрий Фурмановтың аты беріліп, көше бойына (Құрманғазы көшесінің қиылысында) бюст қойылған.

Бұл қаладағы басты көшелердің бірі. Мемлекеттік мұражай, Президенттің резиденциясы мен Алматы әкімдігі орналасқан.

«Азаттықтың» орыс қызметі Президенттің қызы Дариға Назарбаеваның пікірін жариялапты.

«Дәл маған белгілі, белгісіз себептерге байланысты бұл туралы бірдеңе айту қиын. Ал енді азаматша ретінде, адам ретінде, 25 жылда жеткен жетістігімізді көре тұра, біздің лидеріміз мұндай құрметке әбден лайық деп есептеймін», -депті депутат ханым Дариға.

90-жылдардың бас шенінде Алматыдағы ескі атаулардың дені өзгерді. Тек революционер Фурмановтың атауы өзгеріссіз қалған. Қоғам белсенділері көше атауын өзгерту туралы жиі-жиі бастама көтергенімен, қалалық әкімдік қимыл байқатпай келген.

Сәрсенбаевқа бұйырмаған көше

Саясаттанушы Айдос Сарым, қазір Алтынбек Сәрсенбаев қорын басқарады. Айдос мырза «дәл осы Фумановты Сәрсенбаев көшесі етейік деген ұсынысты мәслихатқа бірнеше мәрте ұсынғанын» айтады.

«Соңғы кезде еліміде болып жатқан дұниелерге ауа райы секілді қараймын. Қазадан бес жыл өткенде ғана атауға болады деген мәслихаттың шешімі болды ғой. Тірі адамға көше атын берудің қаншалықды дұрыс-бұрыстығын уақыт көрсете жатар. Енді де десек те, біздің билік сондай. Қоғам да сондай. Басқа не айтуға болады?..», - дейді саясаттанушы.

Бізден ұсыныс: Алматыда Достық дейтін көше бар. Ұзындығы - 8000 метр. 1995 жылдың желтоқсанынан бері "Достық" деп аталып келеді. Достық даңғылының негізі 1919 жылы қаланған.

Бұрын бұл көшені Генерал Колпаковскийдің, сосын Лениннің атымен атаған. Бұл да кеңестің сарқыншақ атауы. Дәтті билік Достық көшесіне қоғам қайраткері Алтынбек Сәрсенбайұлының есімін беруі керек.

«РИА Новости» агенттігі былай деп жазады: «қала әкімі Бауыржан Байтектің айтуынша, Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаған Елбасына Фурманов көшесін беру туралы ұсыныты қазақ интелегенциясы, кәсіпкерлер палатасы, қала тұрғындары, әсіресе жастар бірлестіктері көп айтқан».

Алматыда Айтматовқа да көше беріледі

Анығында 100-ге тарта көшенің атауы өзгерді. Мысалы, қырғыздың «kabarlar.org»ақпараттық сайты Назарбаев пен Айтматовтың аты көшеге берілгенін жазып, сүйінші сұрап жатыр.

«Алматының 42 көшесіне ел дамуына үлес қосқан қайраткерлердің есімі берісле, қалғандары географиылық атаулар болмақ.

Соның ішінде Нұрсұлтан Назарбаев, Шыңғыс Айтматов, Герольд Бельгер,Талгат Бигелдинов, Сергей Калмыкова, Қадыр Мырза Әлі, Сағадат Нұрмағамбетов пен Кәукен Кенжетаевтар бар».

Ресейдің «novayagazeta.ru» сайты да Назарбаевқа берілген көшені сөз етіпті.

«Фурманов көшесінің атауын өзгерту мәселесі 2016 жылы көтерілген. Сол кезде Байбек, бұл мәселе жоспарда жоқ екенін айтқан еді», деп жазады.

Расында, Алматыда 61 аты ұлықталған Фурмановты алу мәселесі бірнеше дүркін көтерілген. Түрлі ұсыныстар айтылған. Алайда Алматы мәслихаты бұл істің түйінін кеше қойды.

Айтпақшы, Ресейдің ақпараты, соның ішіне «Новая газета» дейтін басылым: «Қазақстанның ақпарат алаңында көше атауын Назарбаевқа беруге қатысы сыни пікір айтқан, жазған адам болған жоқ», деп жазыпты.

Назарбаев атындағы көшелер

Алматыдағы орталық көше - Қазақстан Президентіне берілген алғашқы көше емес.

2015 жылы Түркияның Адана қаласында Нұрсұлтан Нзаарбаев көшесі ашылды.

Одан бөлек Түркияның Қыршехир, Невшехир, Гебзе қалаларында да Назарбаев көшелері бар.

Дәл сол жылы Татарстанның Қазан қаласындағы «Эсперанто» көшесі – «Нұрсұлтан Назарбаев» көшесі болып өзгерді.

Ал осыдан 10-жылдан астам уақыт бұрын Иорданияның Астанасы Амман қаласы мен Шешенстанның Грозный қалаларында «Нұрсұлтан Назарбаев» көшесі ашылған.

Айтпақшы, Ингушетияның Магас қаласында да Қазақстан Президентінің атында көше бар.

Биыл Қазақстан Президенті 77 жаста. Қазақстанда Президент сайлауы енді 2020 жылы болады.

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Abai.kz

34 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2036