Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3033 0 пікір 23 Қараша, 2017 сағат 02:22

Астанада ТЖ департаментінің қызметкерлері аулаларды аралап жүр

Жыл басынан бері он айдың ішінде Астана қаласында 564 өрт оқиғасы тіркелді. Бұл өткен жылмен сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 3,4%-ға кем деп хабарлайды, Абай ақпарат агенттігі.

Бүгін «Жылыту маусымының өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау» тақырыбына арналған баспасөз мәслихаты барысында  өрт оқиғалары негізінен жеке тұрғын үй секторларынан шығатынын айтты. Мысалы, осы жылдың 10 айында 307 өрт оқиғасы Астанадағы тұрғын үй секторынан шыққан болатын. Өрттің шығуына негізінен электр сымдарының тұйықталып, қызуы, жылыту, азаматтардың пешті дұрыс пайдаланбауы, қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілермен бекітілген ережелерге сай емес электр қондырғылардың шамадан тыс қызуы себеп болып отыр.

«2016 жылы өрт салдарынан 2016 жылы 16, биыл 9 адам (үшеуі – балалар) қаза тапқан. Он айда 68 адам зардап шеккен.  Өрт оқиғалары көбіне жеке тұрғын үй секторында болады. Тұрғын үйлердегі өрттің негізгі бөлігі жер тұрғын үй секторына тиесілі. Дәлірек айтқанда, өрт оқиғаларының жалпы санының 54,4%-ын құрайды», - деді Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының бас маманы Мұрат Мадыбеков.

Оның деректеріне қарағанда Қазақстанның бас қаласында өткен жылмен салыстырғанда газдан улану оқиғаларының да саны 27, 6% -ға азайған.

Өрт оқиғаларының санын азайту, оларды болдырмау мақсатында Астана қаласы ТЖ департаментінің қызметкерлері жеке тұрғын үй секторындағы аулаларды аралап, рейд, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің бастығы Еркін Отарғалымның айтуынша, төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері жыл басынан жеке тұрғын үй секторындағы 39 925 ауланы аралаған.

«Тұрғындармен 290 кездесу өткіздік. Аталмыш жиналыстарға барлығы 6204  адам қатысқан болатын. 3431 адам қатысқан 327 нұсқаулық шарасы, 9286 адамның қатысқан 359 шара өтті. Тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелері жазылған жадынамалар таратылды.

Департамент жүргізіп жатқан жұмыстар есепке алына отырып, табиғи және техногендік төтенше жағдайлардың санын азайтуға бағытталған барлық қажетті шаралар алдағы уақытта да қабылданатын болады», - деп түйіндеді сөзін Еркін Отарғалым.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5381