Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2181 0 пікір 8 Маусым, 2009 сағат 13:23

Статистика агенттігінің төраға орынбасары Меңдібаев тұтқындалды – қаржы полициясы

Астана. 8 маусым. ҚазТАГ – Айнагүл Бекеева. ҚР статистика агенттігінің төраға орынбасары Бірлік Меңдібаев тұтқындалды, деп хабарлады экономикалық қылмысқа қарсы күрес агенттігінің баспасөз хатшысы Дәмежан Есембекова. 

«Статагенттік төраға орынбасарына қатысты тыю шарасы ретінде қамау таңдалды. Оған аса ірі мөлшердегі қаржыны жымқырған деген ресми айып тағылды», - деді ол телефон арқылы ҚазТАГ тілшісіне. 

Бірақ Д.Есембекова қамалған күнін нақтыламады.

Алдын хабарланғандай, Б.Меңдібаев пен С.Тұржанов 2 маусымда, халық санағын жүргізу үшін деп бюджеттен бөлінген қаржыны жымқыруға араласқан деген күдікпен тұтқындалған.

Баспасөз қызметінің басшысы, ҚР сауда-өнеркәсіп палатасының вице-президенті, «Фирма КИIК» ЖШС құрылтайшысы Серік Тұржановқа қатысты қылмыстық процессуалдық кодекстің 142 бабына сай тыю шарасы ретінде он күнге дейін айып тақпай қамауда ұстау туралы шешім қабылданғанын жеткізді.

Бұл ретте, қаржы полициясы статситика агенттігінің басшысы Анар Мешімбаеваның осы іске қатысы бар-жоқтығын тексеріп жатыр.

Ұлттық халық санағын жүргізуге республикалық бюджеттен 1 млрд 144 млн теңге бөлінген. Тергеу барысында шын мәнінде ұлттық санақ 379 млн теңгеге жүргізілгені анықталған, ал қалған 764,8 млн теңге агенттік басшылары және жеке кәсіпорындардың жетекшілерімен жымқырылған.

28 мамырда қаржы полициясы сотрұсатымен агенттіктің тағы бір орынбасары Нұрман Баяновты тұтқындады, оған қатысты да бюджет қаражатын жымқырған деген айып тағылып отыр.  Ол санаққа қажет жабдықтарды – ұлттық санаққа керек бланк қағаздарын мемлекеттік сатып алу бойынша байқау комиссиясын басқарған.

Байқауға қатысу үшін 14 өтінім түскен және оның ішінде Санкт-Петербургтік  «Типография Взлет» ЖАҚ та бар. Бірақ «Фирма «Киiк»ЖШС-тен басқа 13 өтінім Н. Баянов басқарған байқау комиссиясымен негізсіз, байқаудан шығарылып тасталған да, «Фирма «Киiк» болса «Типография Взлеттен» бланктерді 183,3 млн теңгеге сатып алған.

«Киік» фирмасының өзі болса жабдықтарды 144,9 млн теңгеге ғана дайындаған.

«Бюджеттік тапсырысты толтырғанда статагенттік лауазым иелері жалған баға ұсынысының арқасында бір бланктың бағасын 15 теңге деп көрсеткен. Бюджеттік өтінім қабылданған соң, Н. Баянов бір бланктың бағасын 7 теңге деп өзгертіп, ал сатып алулардың алдында бұл бағаны ол негізсіз қайтадан 17 теңге деп көрсеткен», - дейді қаржы полициясының өкілі.

Сөйтіп, жеткізушіге бюджет қарастырған қаражат төленіп, соның нәтижесінде 700 млн теңге жымқырылған. Биылғы 2 маусымда «Фирма «Киiк»ЖШС бас директоры Александр Нисанов сот рұқсатымен қамалды.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5507