Сенбі, 23 Қараша 2024
3566 0 пікір 5 Желтоқсан, 2017 сағат 09:12

Қырғыз үкіметі «Мегаком» операторын саудаға қойды

Қырғызстанның мемлекеттік мүлікті басқару қоры «Мегаком» брендімен танымал «Альфа Телеком» ЖАҚ-қа жаңа сатып алушы іздейді. Мекеме басшысы Дуйшенбек Зилалиевтің айтуынша, компанияға қызығушылық білдіріп жатқандар бар, бірақ бірде-бірі нақты ұсыныс айтпаған.

«Бүгін кәсіпорынның құнын түсіретін заңды жолдар бар. Бағалаушыларды шақырып, мәселені экономикалық тұрғыдан қарауға болады. Бірақ нақты сатып алам деушілер жоқ», - дейді ол.

Зилалиев «Мегакомды» сату үшін консалтингтік компанияның қызметін пайдаланамыз дейді.

Қараша айының ортасында үкімет ресейлік кәсіпкер Елена Нагорнаямен «Альфа Телекомды» сату жөніндегі келіссөзді тоқтатқан. Тараптар ортақ шешімге қол жеткізе алмаған. Инвестор Қырғызстан үкіметі бекіткен 13,5 млрд сомды және қосымша 7 пайыз жарнаны төлеуге дайын болған. Барлығы 14,5 млрд сом болған.

Қырғызстан үкіметі «Альфа Телекомды» бірінші рет 2015 жылы аукционға шығарған. Компанияны аукционға үш рет қойды. Бірақ үшеуінде де инвестор табылмаған. Осыдан кейін үкімет тікелей саудаға қойған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5349